Тыңайтқыштардың құнын субсидиялау бойынша мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушылар қандай құжаттар мен мәліметтерді ұсынуы қажет
Көрсетілетін қызметті алушы порталға толық құны бойынша сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидия алуға арналған өтінімді Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша немесе тыңайтқышты отандық тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құны бойынша сатып алған жағдайда, тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтпелі өтінімді электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушының СМАЖ-дағы "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы тиісті мәртебе өтінімнің (өтпелі өтінімнің) қабылданғанын растау болып табылады.