"Кен Дала 2" несие бағдарламасы бойынша талаптары

    ·
    Сұрақ

    "Кен Дала 2" несие бағдарламасы бойынша талаптары

    Жауап

    Өтініш беруші/қарыз алушы/қаржыландырылатын жоба Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарымен белгіленген талаптарға, оның ішінде келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс:

    - кемінде 3 (үш) жыл қызмет тәжірибесінің болуы, жоғарыда аталған тәжірибесі болмаған жағдайда, облыс әкімдігі жанындағы үйлестіру кеңесінің қолдаухаты/ауыл шаруашылығы жөніндегі мәселелерге жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарынан төмен емес тұлғаның немесе оның міндетін атқарушының қолы қойылған жазбаша қолдаухаты болған жағдайда қаржылындыру мүмкін болады;

    - меншігінде немесе ұзақ мерзімде жалдауда егіс алаңдарының болуы (қайта өңдеу кәсіпорындарына қолданылмайды);

    - кредиттеу көлемі ағымдағы жылдың көктемгі дала және егін жинау жұмыстарына берілген кредит қаражаттарының көлемі ескеріле отырып, мәлімделген егіс алаңының 1 (бір) гектарына көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге жұмсалатын шығындар нормативі негізінде айқындалады;

    - дақылдар бөлінісінде соңғы 3 (үш) жылдағы нақты тұқым себілген алқаптар мен өнім шығымдылығы туралы мәліметтерді растау. Бұл мәліметтер болмаған жағдайда, аудан бойынша өнім шығымдылғы туралы мәліметтерді қолдану қажет;

    - меншігінде немесе ұзақ мерзімде жалдауда егіс алаңдарының болуын растайтын құжаттарды ұсыну (қайта өңдеу кәсіпорындарына қолданылмайды);

    - кредиттік қаражаттардың пайдаланылуы айналым қаражаттарын толықтыру (көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін) мақсаттарына «Агробизнес» бағдарламасы бойынша берілген орны толтырылатын қарыздарды қоспағанда, тек қолма-қол ақшасыз жолмен жүзеге асырылады;

    - ЕДБ-те немесе Ұлттық пошта операторында қарыз сомасы аударылатын және қарыз қаражаттарын жұмсау жүзеге асырылатын есеп шот ашу/болуы, айналым қаражаттарын толықтыру (көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін) мақсаттарына «Агробизнес» бағдарламасы бойынша берілген орны толтырылатын қарыздарды қоспағанда.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Ауылшаруашылық техникасын сатып алу үшін мемлекеттік қолдаудың қандай түрлері бар?

    Жауап

    ҚазАгроҚаржы арқылы жеңілдікті лизинг «Жеңілдікті лизинг» бағдарламасы - жылдық 5% мөлшерлеме, мерзімі 7 жылға дейін: Отандық техниканы қамтиды. Алғытөлем - кем дегенде 10 %. Өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 24 ақпанынан бастап қаржыландыруға 200 млрд Арнайы бағдарлама-ставка 6%,...

    ·
    Сұрақ

    «Ауыл аманаты» жобасы: жеңілдікті несиені қалай алуға болады

    Жауап

    Қандай бағыттар қаржыландырылады Ауыл аманаты жобасын қаржыландырудың негізгі бағыттары: өңдеуші салаға байланысты жобалар; өсімдік шаруашылығын дамыту; ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жабдықтары; мал шаруашылығын дамыту; басқа бағыттардың бизнес жобалары. Несиелендірудің қанд...

    ·
    Сұрақ

    Тыңайтқыштардың құнын субсидиялау бойынша мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушылар қандай құжаттар мен мәліметтерді ұсынуы қажет

    Жауап

    Көрсетілетін қызметті алушы порталға толық құны бойынша сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидия алуға арналған өтінімді Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша немесе тыңайтқышты отандық тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құны бойынша сатып алған жағдайда, тиесілі су...

    ·
    Сұрақ

    Селекциялық және асыл тұқымдық жұмысқа қандай аналық мал басыны қатысады?

    Жауап

    Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын, жыныстық жағынан жетілген бас (ірі қара мал шаруашылығы бойынша: асыл тұқымды жануарлар - 13 айдан бастап, тауарлық жануарлар - 18 айдан бастап, жылқы шаруашылығы бойынша - 36 айдан бастап, түйе шаруашылығы бойынша - 36 айдан бастап, қ...

    ·