Объектілерді салу кезінде қандай өртке қарсы қашықтықты сақтау қажет?

    Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

    Сұрақ

    Объектілерді салу кезінде қандай өртке қарсы қашықтықты сақтау қажет?

    Жауап

    Өрт қауіпсіздігі талаптары, оның ішінде ғимараттар мен құрылыстарды жобалау және салу кезінде сақталуы міндетті болып табылатын ғимараттар арасындағы өртке қарсы қашықтық «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінде белгіленген (ТЖМ 2021 жылғы 17 тамыздағы №405 бұйрығымен бекітілген, бұдан әрі – Техникалық регламент).

    Техникалық регламентке сәйкес ғимараттар арасындағы өртке қарсы қашықтық олардың функционалдық мақсатына (тұрғын үй, қоғамдық, әкімшілік және т.б.) және отқа төзімділік дәрежесіне байланысты және мыналарды: минимум – 6, максимум – 15 құрайды.

    Айта кету керек, өртке қарсы қашықтықты сақтау талаптары жобалау және құрылыс кезеңдерінде орындалуы керек, яғни жобалау және құрылыс ұйымдары үшін міндетті болып табылады.

    Сонымен қатар, азаматтық қорғау және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтық қорғау органдары құрылыс саласындағы бақылау функцияларын жүзеге асырмайды, яғни құрылысқа арналған жобалау құжаттамасын келісуге, салынып жатқан объектілердің өртке қарсы жай-күйін тексеруге, сондай-ақ құрылысы аяқталған объектілерді қабылдауға қатыспайды.

    Өз кезегінде, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңға сәйкес объектілер құрылысының сапасын мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалау, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген осы объектілердегі сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану, сондай-ақ жобалау құжаттамасының сапасын қадағалауды ұйымдастыру мен жүзеге асыруды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

    Осыған байланысты, өртке қарсы қашықтықтар бойынша ғимараттар мен құрылыстарды жобалау және салу сатыларында жол берілген бұзушылықтар анықталған жағдайда, аумақтылығы бойынша тиісті әкімдіктерге жүгіну қажет.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Ғимараттар мен құрылыстарды жобалау және салу сатыларында рұқсат етілген өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуын анықтаған кезде қандай шаралар қабылдау қажет?

    Жауап

    "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңға сәйкес объектілер құрылысының сапасын мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалау, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген осы объектілердег...

    Сұрақ

    Бір қабатты жеке тұрғын үйлерде өрт хабарлағыштарын орнату талап етіле ме?

    Жауап

    ҚР ҚН 3.02-02-2023 «Бір пәтерлі тұрғын үйлерді және олардың инженерлік жүйелерін жобалау» 5.3.10-тармағына және Өрт қауіпсіздігі қағидаларының 154-1 тармағына сәйкес, тұрғын үй-жайлар автономды оптика-электронды түтіндік өрт хабарлағыштарымен жабдықталады. Мұндай талап өрттің уақ...

    Сұрақ

    Өртте балалардың өлімімен топтық жағдайлар жиі кездеседі. Мұндай қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін ТЖМ не істеп жатыр?

    Жауап

    Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері ТЖМ қызметі басты назарда болатын негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Осы бағыттағы жұмысты күшейтуге бағытталған шаралар кешені қабылдануда. Біріншіден, әр өңірде азаматтармен ауқымды үгіт-профилактикалық іс-шаралар (кездес...

    Сұрақ

    Өрт-техникалық минимум бойынша оқыту курсын өткізу кезінде ҚР заңнамасына сәйкес қағаз жеткізгіштердегі дәстүрлі құжаттармен қатар электрондық-цифрлық құжаттарды (куәлік және хаттама) жүргізуге бола ма?

    Жауап

    «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңға сәйкес уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-сы бар электрондық құжат қағаз құжатқа теңестіріледі. Түпнұсқаны дәл қайталайтын бағдарламалар қолданылған жағдайда хаттамалар мен куәліктердің қағаз нұсқаларына ұқсас электрондық нұс...

    Сұрақ

    Өрт-техникалық минимум бойынша оқыту курсын қашықтықтан («online» режимінде) өткізуге жол беріле ме?

    Жауап

    Азаматтық қорғау саласындағы заңнамада ұйымдардың қызметкерлерін өрт қауіпсіздігі шараларына онлайн форматта оқытуды көздейтін талаптар регламенттелмеген. Ұйым қызметкерлерін және халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидаларында және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөнін...

    Сұрақ

    Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі сараптама ұйымдарын аккредиттеу аттестатын алу үшін не қажет?

    Жауап

    Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптамалық ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына сәйкес аккредиттеру аттестатын алу үшін заңды және жеке тұлғалар ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетіне «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «Е-лицензиялау» мемле...

    Сұрақ

    Қауіпті техникалық құрылғыларды және қауіпті өндірістік объектілерді қалай есепке қойып және есептен шығаруға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 77-бабы және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 485 бұйрығымен бекітлген Қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару қағ...

    Сұрақ

    Шахталық оқшаулайтын өзіқұтқарғыштарға рұқсат алу қажет пе?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы «Азаматтық қорғау туралы» Заңның 74-бабы 6-тармағының 2-абзацына сәйкес. Қазақстан Республикасы «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 12-2-бабының 7) тармақшасына сәйкес қауіпті өндірістік объектілерде, қауіпті техникалық құрылғыларда қолданылатын технологиялар...