Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында жарнама орналастыруға келісім алу үшін қандай құжаттар тізімі қажет?
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың болжамды күнінен кемінде бес жұмыс күні бұрын хабарлама жіберу қажет. Хабарламаға қосымша:
· сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру кезеңі мен орны туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны;
· «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақы енгізілгенін растайтын құжат;
· жарнаманың эскиздерін қоса бере отырып, қазақ және орыс тілдеріндегі еркін нысандағы сипаттамасы.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері:
- «Электрондық үкіметтің» Веб-порталы – www.egov.kz.
Жауап беруші: Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының маманы.
Тел.: (7222) 35-55-40, e-mail: [email protected]