Зияткерлік меншік

    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

    Сұрақ

    Зияткерлік меншік

    Жауап

    Қызмет бағыты

    Сұрақ

    Жауап

    1

    Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы

    Қазақстан Республикасында «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының қолдану аясы қандай?

    Осы Заңға сәйкес авторлық құқық:

    1) Қазақстан Республикасының аумағында жарияланған не жарияланбаған, бiрақ авторлардың немесе олардың құқықтық мұрагерлерiнiң азаматтығына қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында қандай да болсын объективтi нысанда болатын туындыларға қолданылады;

    2) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жарияланған не жарияланбаған, бiрақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегi қандай да болсын объективтi нысандағы туындыларға қолданылады және Қазақстан Республикасының азаматтары - авторлары және олардың құқықтық мұрагерлерi деп танылады

    3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жарияланған не жарияланбаған, бiрақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегi қандай да болсын объективтi нысандағы туындыларға қолданылады және авторлардың (олардың құқықтық мұрагерлерiнiң) - шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес авторлық құқығы бар деп танылады (Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы №6-I «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының 5- б. 1-т.).

    2

    Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы

    Авторлық құқық қандай жұмыстарға қолданылады??

    Авторлық құқық белгiлi бiр объективтi түрге ие болған:

    1) жазбаша (қолжазба, машинкаға басылған, нотаға жазылған және сол сияқты);

    2) ауызша (көпшiлiк алдында айтушылық, көпшiлiк алдында орындаушылық және сол сияқты);

    3) үнжазба немесе бейнежазба (механикалық, сандық, магниттiк, оптикалық және сол сияқты);

    4) бейнелеу (сурет, нобай, көркемсурет, жоспар, сызба, кино, телебейне - немесе фотокадрлар және сол сияқты);

    5) көлемдi - кеңiстiктi (мүсiн, үлгi, макет, ғимарат, және сол сияқты);

    6) өзге де нысанда жария болған да (жарияланған, жарыққа шыққан, баспадан шыққан, көпшiлiк алдында орындалған, көпшiлiк алдында көрсетiлген), жарияланбаған да туындыларға қолданылады (Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы №6-I «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының 6- б. 2-т.).

    3

    Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы

    Авторлық құқық объектiлерi болып табылатын туындылар қандай?

    Мыналар авторлық құқық объектiлерi болып табылады:

    1) әдеби туындылар;

    2) драмалық және музыкалық-драмалық туындылар;

    3) сценарий туындылары;

    4) хореография және пантомима туындылары;

    5) мәтiнi бар немесе мәтiнi жоқ музыкалық туындылар;

    6) дыбыс-бейнежазу туындылары;

    7) кескiндеме, мүсiндеме, графика және бейнелеу өнерiнiң басқа да туындылары;

    8) қолданбалы өнер туындылары;

    9) сәулет, қала құрылысы, дизайн және бау-саябақ өнерi туындылары;

    10) суретке түсiру туындылары және суретке түсiруге орайлас әдiстермен жасалған туындылар;

    11) карталар, жоспарлар, нобайлар, безендiрулер және географияға, топография мен басқа ғылымдарға қатысты үш өлшемдi туындылар;

    12) ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;

    13) өзге де туындылар (Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы №6-I «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының 7- б. 1-т.).

    4

    Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы

    Авторлық құқық қалай пайда болады?

    Ғылым, әдебиет және өнер туындысына авторлық құқық оның жасалу фактiсiне қарай туындайды. Авторлық құқықтың пайда болуы мен жүзеге асырылуы үшiн туындыны тiркеу, туындыны өзге де арнайы ресiмдеу немесе қандай да болсын шарттылықты сақтау талап етiлмейдi.

    Өздерiнiң айрықша мүлiктiк құқықтары туралы хабарлау үшiн автор және (немесе) құқық иеленушi авторлық құқықты қорғау белгiсiн пайдалануға құқылы, ол белгi туындының әр данасына қойылады және мiндеттi түрде мынадай үш элементтен тұрады:

    1) қоршауға алынған латынша "С" әрпi;

    2) айрықша авторлық құқықтар иесiнiң есiмi (атауы);

    3) туындының алғаш жарияланған жылы (Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы №6-I «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының 9- б. 1-т.).

    5

    Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы

    Авторлық құқық туындысын авторлық сыйақы төлемей-ақ жеке мақсатта қолдануға бола ма??

    Заңды түрде жарияланған туындыны автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төлемей жеке тұлғаның тек өз мақсаты үшiн және табыс алмай, осы Заңның 26-бабында көзделген реттердi қоспағанда, жалғыз дана етiп көшiрмелеуiне жол берiледi (Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы №6-I «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының 18- б. 1-т.).

    6

    Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы

    Авторлық құқық туындыларын көпшілік алдында орындауға бола ма?

    Заңды түрде жарияланған музыкалық туындыларды ресми және дiни рәсiмдер, сондай-ақ өлiктi жерлеу кезiнде көпшiлiк алдында сол рәсiмдердiң сипатына сәйкес келетiн көлемде автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төлемей орындауға жол берiледi (Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы №6-I «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының 22- б.).

    7

    Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы

    Авторлық құқық туындыларын шет елге шығаруға бола ма?

    Шетке шығарылған жағдайда республиканың ұлттық мүдделерiне зиян келтiрiлетiн, тiзбесi белгiленген тәртiп бойынша анықталатын туындыларды қоспағанда, туындының данасын автордың немесе өзге де құқық иесiнiң келiсiмiнсiз және сыйақы төлемей тек қана жеке адамның өз мақсаттары үшiн шет елге шығаруына жол берiледi (Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы №6-I «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының 27- б.).

    8

    Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы

    Авторлық құқықтың қолданылу мерзімі қандай?

    Авторлық құқық автордың бүкiл ғұмыры бойы және қайтыс болғаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiн сақтайды.

    Авторлық құқығын, оның есiмнiң құқығын және автордың беделiн қорғау құқығын қорғауға шек қойылмайды (Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы №6-I «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының 28- б. 1,2-т.).

    9

    Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы

    Бүркеншік атпен жарияланған туындыларға авторлық құқықтың қолданылу мерзімі?

    Жасырын немесе бүркеншiк атпен жарияланған туындыға авторлық құқы ол туынды заңды түрде жарияланған күннен кейiн жетпiс жыл бойы күшiн сақтайды. Егер аталған мерзiм iшiнде жасырын немесе бүркеншiк атпен шығарылған туындының авторы өзiнiң шын есiмiн немесе оның кiм екенi ендiгi жерде күмән туғызбаса, осы баптың 1-тармағының ережесi қолданылады (Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы №6-I «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының 28- б. 4-т.).

    10

    Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы

    Сабақтас құқықтар қалай пайда болады?

    Сабақтас құқықтардың пайда болуы және жүзеге асырылуы үшiн қандай да болсын формальдылықты сақтау талап етiлмейдi. Фонограмма шығарушы және (немесе) орындаушы өз құқықтары туралы хабарлау үшiн фонограмманың әр данасында және (немесе) оның әрбiр қорбындата көрсетiлетiн және үш элементтен тұратын сабақтас құқықтарды қорғау белгiсiн пайдалануға құқылы, олар:

    1) қоршауға алынған латынша Р әрпi: Р;

    2) айрықша сабақтас құқықтар иесiнiң есiмi (атауы);

    3) фонограмманың алғаш жарияланған жылы (Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы №6-I «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының 35- б. 4-т.).

    11

    Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы

    Сабақтас құқықтардың қолданылу аясы қандай?

    Орындаушының құқықтары осы Заңға сәйкес мына жағдайларда, егер:

    1) орындаушы Қазақстан Республикасының азаматы болса;

    2) орындаушылық, қойылым алғаш рет Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылса;

    3) орындаушылық, қойылым осы баптың 2-тармағының ережелерiне сәйкес қорғалатын фонограммаға жазылса;

    4) фонограммаға жазылмаған орындаушылық, қойылым осы баптың 3-тармағының ережелерiне сәйкес қорғалатын эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының хабарына енгiзiлген болса, танылады. (Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы №6-I «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының 36- б. 1-т.).

    12

    Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы мемлекеттік тіркеу туралы

    Орындаушыға қандай жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтар тиесілі?

    Осы Заңда көзделген реттердi қоспағанда, орындаушыға мынадай мүлiктiк емес жеке және мүлiктiк құқықтар:

    1) есiмiнiң құқығы;

    2) орындаушылықты немесе қойылымды орындаушының ар-намысына және қадiр-қасиетiне нұқсан келтiре алатын кез келген бұрмалаудан немесе өзге де қолсұғушылықтан қорғалу құқығы (беделiн қорғау құқығы);

    3) орындаушылықты немесе қойылымды пайдаланудың әрбiр түрi үшiн сыйақы алу құқығын қоса, кез-келген түрде пайдалану құқығы берiледi (Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы №6-I «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының 37- б. 1-т.).

    13

    Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы

    Фонограмма жасаушының қандай құқықтары бар?

    Фонограмма жасаушыға өз фонограммасы жөнiнде, осы Заңда көзделгендердi қоспағанда, фонограмманы пайдаланудың әрбiр түрi үшiн сыйақы алу құқығын қоса, фонограмманы кез-келген нысанда пайдалануға айрықша құқықтар берiледi.

    Фонограмманы пайдалануға айрықша құқықтар мынадай iс-әрекеттердi:

    1) фонограмманы тiкелей немесе жанама түрде кез келген нысанда қайта шығаруды;

    2) меншiк құқығын сату немесе өзгеше беру арқылы фонограмманың түпнұсқасы мен даналарын таратуды, оның iшiнде импорттауды;

    3) фонограмманы шығарушы немесе оның рұқсаты бойынша жүзеге асырылған оны таратудан кейiн де фонограмманы прокатқа (жалға) берудi;

    4) фонограмманы қайта жасауды немесе кез келген тәсiлмен өңдеудi;

    5) фонограмманы жалпы жұрттың назарына жеткiзудi жүзеге асыру, жүзеге асыруға рұқсат ету немесе тыйым салу құқығын бiлдiреді (Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы №6-I «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының 38- б. 1,2-т.).

    14

    Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы

    Сабақтас құқықтардың қолданылу мерзімі қандай?

    Осы тарауда көзделген орындаушыға қатысты құқықтар алғашқы орындалудан немесе қойылымнан кейiн жетпiс жыл бойы күшiн сақтайды. Осы Заңның 37-бабында белгiленген орындаушының есiмiн, орындаушылықты немесе қойылымды кез-келген бұрмалаудан немесе орындаушының ар-намысына және қадiр-қасиетiне нұқсан келтiруi мүмкiн өзге де қол сұғушылықтан қорғау құқықтарының қорғалуына шек қойылмайды (Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы №6-I «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының 42- б. 1-т.).

    15

    Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы

    Ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқаратын ұйымдардың қызметі қандай?

    Кез келген автор, оның мұрагерi немесе осы Заңның 2 және 3-тарауларына сәйкес қорғалатын авторлық және сабақтас құқықтардың өзге де иесi өздерiнiң мүлiктiк құқықтарын мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымға беруге құқылы, ал ұйым, егер құқықтардың мұндай санатын басқару осы ұйымның жарғылық қызметiне жататын болса, бұл құқықтарды ұжымдық негiзде жүзеге асыруды өз мойнына алуға мiндеттi. Аталған ұйымдардың ұжымдық негiзде басқару үшiн алынған туындыларды және сабақтас құқықтардың объектiлерiн пайдалануға құқығы жоқ (Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы №6-I «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының 44- б. 1-т.).

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі

    Жауап

    № Жиі қойылатын сұрақтар Жауап Сараптама қызметі 1. Сарапшы қорытындысының көшірмесін қалай алуға болады? Іс жүргізу заңнамасына және Қазақстан Республикасының тиісті «Сот-сараптама қызметі туралы» Заңына сәйкес сот сарапшысы сот сараптамасын жүргізуді ұйымдастыруға байланысты өз...

    Сұрақ

    Сот сараптама

    Жауап

    № Сұрақ Жауап 1 Сот сарапшысы қалай болуға болады? Сарапшының сот сараптамасының белгілі бір түрі саласында жоғары білімі және арнайы ғылыми білімі болуға тиіс. Заңда, сот сараптамасы органдарының қызметкерлері мен лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын жеке тұлғ...

    Сұрақ

    Зияткерлік меншік

    Жауап

    1. Зияткерлік меншік Тауар белгісін қалай тіркеуге болады? Тауар белгісін тіркеу үшін өтінімді ресімдеп, оны ҚР ӘМ ЗМҚК "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі мәтін бойынша - "ҰЗМИ" РМК) беру қажет. Тау...