2026 жылдың 1 тоқсанына өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі
ЖҚС
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Сот сараптама
№ |
Сұрақ |
Жауап |
1 |
Сот сарапшысы қалай болуға болады? |
Сарапшының сот сараптамасының белгілі бір түрі саласында жоғары білімі және арнайы ғылыми білімі болуға тиіс. Заңда, сот сараптамасы органдарының қызметкерлері мен лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын жеке тұлғалар сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігімен расталатын сот сарапшысы біліктілігіне ие болуы, ҚР Әділет министрлігінің комиссияларымен аттестатталған болуы және ҚР Сот сарапшыларының мемлекеттік тізіліміне енгізілуі тиіс деп айқындалған. Сот сарапшысы біліктілігін алу үшін үміткер сот сараптамасы органдарында ұзақтығы 12 айға дейінгі арнайы кәсіптік даярлықтан өтіп, біліктілік емтиханын тапсыруы қажет. |
2 |
Ұсынылған мәселелер сот сараптамасының қандай түрі шеңберінде шешіледі? |
Зерттеу нысаны, объектілері, сараптамалық міндеттердің деңгейі, сондай-ақ сараптаманың белгілі бір түрі шеңберінде шешілетін үлгілік сұрақтар тізбесі “Әділет” Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде (www.adilet.gov.kz.) орналастырылған Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 484 бұйрығымен бекітілген Сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында айқындалған. |
3 |
Сот сараптамасын жүргізу кімге тапсырылуы мүмкін? |
“Сот-сараптама қызметі туралы” Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 19-бабына сәйкес сот сараптамасын жүргізу: 1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне; 2) лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын жеке тұлғаларға; 3) осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларда біржолғы тәртіппен өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкін. 2. Осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған адамдар Қазақстан Республикасының азаматтығында тұруға тиіс. 3. Біржолғы тәртіппен сот сараптамасын жүргізу: 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген сот сараптамалары түрлерінің тізбесінде көзделмеген сот сараптамасы тағайындалған; 2) сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын тиісті мамандықтағы сот сарапшыларынан, сондай-ақ лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын адамдардан уәжді уәжді бас тарту қанағаттандырылған не сот сараптамасы органы тұтастай сот сараптамасын жүргізуден уәжді шеттетілген 3) осы Заңның 62-бабына сәйкес шет мемлекеттiң сот сарапшысы тартылған жағдайларда тапсырылуы мүмкiн. |
4 |
Зерттеу объектілерінің анықтығы мен жол берілетіндігіне кім жауап береді? |
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚПК) 280–бабының 2–тармағына және Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР АПК) 87-бабының 3-тармағына сәйкес сараптамалық зерттеу объектілерінің анықтығы мен жол берілетіндігіне сараптаманы тағайындаған орган (адам) кепілдік береді. |
5 |
Сарапшы қорытындысының көшірмесін қалай алуға болады? |
ҚР ҚПК 276-бабына, ҚР АПК 87-бабына және “Сот-сараптама қызметі туралы” Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 18-бабына сәйкес сот сараптамасы органының басшысы сот сараптамасын жүргізуді ұйымдастыруға байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді жария етпеуге міндетті. Сарапшының қорытындысы, зерттеу объектілері және зерттеуге ұсынылған басқа да материалдар сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға) жіберіледі. ҚР ҚПК-нің 286-бабына және ҚР АПК-нің 46-бабына сәйкес іске қатысушы адамдардың іс материалдарымен танысуға құқығы бар. Осыған байланысты сарапшы қорытындысының көшірмесімен сараптаманы тағайындаған органға жүгіну арқылы танысуға болады. |
2026 жылдың 1 тоқсанына өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі
ЖҚС
Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі
ЧЗВ
Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі
ЧЗВ
Сот сараптама
ЧЗВ
2025 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
ЧЗВ
Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі
№ Жиі қойылатын сұрақтар Жауап Сараптама қызметі 1. Сарапшы қорытындысының көшірмесін қалай алуға болады? Іс жүргізу заңнамасына және Қазақстан Республикасының тиісті «Сот-сараптама қызметі туралы» Заңына сәйкес сот сарапшысы сот сараптамасын жүргізуді ұйымдастыруға байланысты өз...
Зияткерлік меншік
1. Зияткерлік меншік Тауар белгісін қалай тіркеуге болады? Тауар белгісін тіркеу үшін өтінімді ресімдеп, оны ҚР ӘМ ЗМҚК "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі мәтін бойынша - "ҰЗМИ" РМК) беру қажет. Тау...
Нотариат, Әділет органдары туралы
1 Нотариат Нотариаттық әрекеттер қайда жасалады? Нотариаттық іс-әрекеттер нотариаттық кеңсенің үй-жайында, үй-жайдан тыс жерлерде де жасалуы мүмкін (ҚР Әділет министрінің «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 Бұйрығының...