Жағажайларғада қандайа санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды орындау қажет?

    ·
    Сұрақ

    Жағажайларғада қандайа санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды орындау қажет?

    Жауап

    көпшілік демалатын орындарда мынадай санитариялық талаптарды сақтау қажет:

    • демалуға және шомылуға (пляж) арналған аумағы қоқыстан тазаланады;

    - көпшілік демалатын орындарды орналастыру порттардан, шлюздерден, су электр станцияларынан, сарқынды суларды ағызатын жерлерден, мал қоралары мен суаратын жерлерден және басқа да ластану көздерінен алшақтатуды ескере отырып жүргізіледі немесе көрсетілген ластану көздерінен кемінде 500 м қашықтықта, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындардың санитариялық-қорғаныш аймақтарынан тыс жерде және қоршаған ортаны ластау көздері мен шу көздеріне қатысты жел жағынан орналастырылады;

    - жағажай аумағында күн сәулесі түсетін бастырмалар немесе шатырлар, жатақтар мен орындықтар, шезлонгтар жабдықталады;

    - киініп-шешіну үшін 50 адамға арналған бір кабина есебімен жалпы немесе жеке кабиналар орнатылады;

    - күнделікті жағажай жабылғаннан кейін жағалауды тазалау, киініп-шешінетін орындарды, жасыл аймақтарды және дәретханаларды тазалау, дезинфекциялау жүргізіледі. Күні бойы ағымдық тазалау жүргізіледі. Жиналған қалдықтар дер кезінде шығарылады;

    - құмды жағажайларда аптасына бір рет жиналған қалдықтарды жойып және құмның беткі қабатын механикаландырылған қопсыту жүргізіледі. Қопсытқаннан кейін құм тегістеледі. Құм немесе қиыршық тас себу жыл сайын өткізіледі;

    - жағажайларда кір жуу және жануарларды шомылдыру жүргізілмейді;

    - қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін қойылған контейнерлер жағажайлардан және демалушылардың көп жиналатын орындарынан (билеу алаңдары, эстрада, субұрқақтар, басты аллеялар, ойын-сауық павильондарынан) 50 м ден жақын емес қашықтықта орналасады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Энтеровирусты инфекцияның қандай алдын алу шаралары бар?

    Жауап

    Энтеровирусты инфекцияның алдын алу шаралары кез келген жіті ішек инфекциясы кезіндегі шараларға ұқсас — мынадай ережелерді сақтаған жөн: - ішу үшін тек қана қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану; - тамақ ішердің алдында және дәретханаға барғаннан кейін қолды сабынмен жуу...

    ·
    Сұрақ

    Жаңа туылған нәрестелер арасындағы іріңді-септикалық инфекцияларының қалай алдын алу керек?

    Жауап

    Нәрестенің және анасының денсаулығына орасан зиян тигізетін инфекциялық аурулардың алдын алу үшін, жүкті әйел өзінің және нәрестенің ағзасын қорғау үшін келесі алдын-алу шараларын орындауы қажет: жүктілікке уақытында дайындалу және жоспарлау; жүкті әйелдердің уақытында есепке тұр...

    ·
    Сұрақ

    ББҚ-ды қалай таңдауға болады?

    Жауап

    Бүгінде көптеген адамдар өз денсаулығына ұқыпты қарайды және түрлі аурулардың алдын алу мақсатында тағамға биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) қабылдайды. Алайда, адам бұл мәселеге саналы түрде қарауы керек және ең алдымен оған тағамдық қоспалар қажет пе? Ол үшін тұтынушы тиісті...

    ·
    Сұрақ

    Қазақстанда балаларға қандай екпелер егілетінін қалай және кім шешеді?

    Жауап

    Вакцинация – бұл алдын алуға, ал сырттан әкелінген жағдайда-жұқпалы ауруларды оқшаулауға және жоюға бағытталған мемлекеттік саясат. Халықты вакцинациялау Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес тегін жүргізіледі. Балаларды кепілдендірілген сапалы вакциналармен қамтамасыз ету мақсатында Қа...

    ·
    Сұрақ

    Коронавирусқа қарсы вакцина қауіпті ме? Вакцинаның жанама әсерлері бар ма?

    Жауап

    Қарсы көрсеткіштерді анықтау үшін вакцинаның көрсетілімдері, қарсы көрсетілімдері, иммунизациядан кейінгі ықтимал көріністері, вакцинаны енгізу және сақтау және тасымалдау шарттары туралы толық мәліметтері бар вакцинаның нұсқаулығы талап етіледі. Осыған байланысты, қарсы көрсеткі...

    ·