Қазақстанда балаларға қандай екпелер егілетінін қалай және кім шешеді?
Вакцинация – бұл алдын алуға, ал сырттан әкелінген жағдайда-жұқпалы ауруларды оқшаулауға және жоюға бағытталған мемлекеттік саясат. Халықты вакцинациялау Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес тегін жүргізіледі. Балаларды кепілдендірілген сапалы вакциналармен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанда өндірісі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДҰ) сертификатталған вакциналар сатып алынады.