Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек түрі кімдерге тағайындалады және алу үшін қайда жүгінеді?

    Наурызбай ауданы әкім аппараты

    Сұрақ

    Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек түрі кімдерге тағайындалады және алу үшін қайда жүгінеді?

    Жауап

    Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті (бұдан әрі – АӘК) тағайындауға өтінішті қабылдау "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады, ол үшін электрондық цифрлық қолтанбаңыз қажет болады.

    «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына сәйкес АӘК (бұдан әрі – АӘК) тұрғылықты жері бойынша тіркелген аз қамтылған азаматтарға, егер отбасы мүшесіне шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан аспаса, яғни 38 092 тенгеден аспайтын жағдайда беріледі. Бір адамға төленетін АӘК мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы мен жан басына шаққандағы орташа табыстың арасындағы айырмашылықты құрайды.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Егер қысым аз болса немесе газ өшіп қалса, кімге жүгіну керек?

    Жауап

    Газбен жабдықтау мәселесі бойынша ақауларды жоюға өтініш беру үшін келесі ұйымдарға жүгінуге болады: «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, телефон нөмірі: 104. «Тәуекел Н Алғабас» ЖШС телефон нөмірі:8(727) 2970747.

    Сұрақ

    Төтенше жағдайда суық сумен жабдықтауды қосу уақытын қалай және қайдан білуге болады?

    Жауап

    Суық сумен жабдықтау ажыратылған жағдайда Сізге «Алматы Су» ШЖҚ МКК жүгіну қажет. Ақпарат алу үшін бірыңғай нөмірлері: 8 (727) 276-01-10, 8 (727) 271-01-10.

    Сұрақ

    Егер қысым аз болса немесе ыстық су өшіп қалса, кімге жүгіну керек?

    Жауап

    Ыстық суға тексеру жүргізуде тиісті шаралар қабылдау үшін «АЛТС» ЖШС-не жүгіну қажет. Сонымен қатар, сіз келесідей нөмірлерге хабарласа аласыз.: 8 (727) 341-07-77, 8 (701) 757-03-06.

    Сұрақ

    Зейнеткерлер бос уақытын ұйымдастыру үшін қайда жүгіне алады?

    Жауап

    Зейнеткерлік жастағы тұрғындар егде жастағы адамдар үшін белсенді ұзақ өмір сүру орталығына жүгіне алады. Мекен-жайы: Әшімова, 299 үй. Қызметтер: 17 (гимнастика, психология, иконе, йога, вокал, тілдерді үйрену, кинезиология, экскурсиялар, шахмат, домино, қолмен жасау, графика)

    Сұрақ

    Асфальттың деформациясын, жол жамылғысының зақымдануын, тротуарларды, шұңқырларды жою және жиектерді тегістеу

    Жауап

    Аудан аумағында Наурызбай ауданы әкімі аппаратының (тапсырыс берушінің) тапсырмасы бойынша көше-жол желісін ағымдағы (шұңқырлы) жөндеу бойынша «RBS Дорстрой» ЖШС мердігерлік ұйымы орындайды. Сіз 370-01-57 телефон нөмірі бойынша өтініш қалдыра аласыз немесе толық ақпарат ала аласы...

    Сұрақ

    Үйді легализациядан өткізу үшін қандай құжаттар тапсыру қажет? Қай жерге тапсыру керек?

    Жауап

    Жылжымайтын мүлікке құқықтарды рәсімдеу үшін жергілікті әкімшілікке құжаттарды тапсыру қажет. Құжаттар тізбесі: - өтініш; -жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы мәліметтер; -жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының көшірмесі; - сейс...

    Сұрақ

    Жылына бір реттік төленетін әлеуметтік көмекті және екі рет төленетін әлеуметтік көмекті алу үшін кімге жүгінеді, ол үшін қандай құжат ұсыну қажет?

    Жауап

    Алматы қаласында тұрақты тұратын және тіркелген аз қамтылған азаматтарды, соның ішінде зейнеткерлерді, мүгедектерді әлеуметтік қолдау мақсатында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 «Азаматтардың әлеуметтік к...