Мемлекет меншігіндегі жер заңсыз иеленген жағдайда қандай шара қолданылады?

    ·
    Сұрақ

    Мемлекет меншігіндегі жер заңсыз иеленген жағдайда қандай шара қолданылады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 44-2бабының 19-тармағында Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жер учаскесіне құқықтарды мемлекеттік тіркеусіз жер учаскесін пайдалануға жол берілмейді.

    Осы норманы сақтамау жер учаскесін өз бетінше иеленіп алу ретінде сараланады және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауаптылықты көздейді.

    Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 136-бабына сәйкес, мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу немесе айырбастау не жерге мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сондай-ақ уақытша иеленген мемлекеттiк жердi уақтылы қайтармау – жеке тұлғаларға – жетпіс бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

    Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 164-1 бабының 2-тармағына сәйкес, мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер құрамынан өз бетінше иеленіп алынған жер учаскесін қайтаруды талап етуді жер учаскесі орналасқан жер бойынша жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

    Заңсыз иеленушінің өз бетінше иеленіп алған жер учаскесін босату және мұндай учаскеде салынған (салынып жатқан) құрылысты бұзу жөніндегі міндеттерді орындамауына байланысты даулар сот тәртібімен шешіледі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Мемлекеттік меншіктегі жерлерді өз бетінше иеленіп алған үшін қандай әкімшілік жауапкершілік көзделген?

    Жауап

    «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 136-бабына сәйкес мемлекеттік жер учаскелерін заңсыз иемдену немесе айырбастау не жерге мемлекеттік меншік құқығын тікелей немесе жанама түрде бұзатын басқа да мәмілелер жасау, сондай-ақ уақытша иеленіп отырған мемлекеттік жерлерді уақ...

    ·
    Сұрақ

    Егер көршім менің жерімнің бір бөлігін иеленіп алса, қайда жүгіну қажет?

    Жауап

    ҚР Жер кодексінің 167-бабына сәйкес, жер құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қаралады. Жеке меншіктегі жер учаскелерімен байланысты даулар (жанжалдар) тараптардың келісімі бойынша сот органында не медиация тәртібіме...

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін өз бетінше иеленіп алу дегеніміз не?

    Жауап

    Егер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскесін беру туралы шешімінде өзгеше көзделмесе, жер учаскесін оған құқық белгілейті...

    ·
    Сұрақ

    Шаруашылық серіктестіктердің құрамынан жер пайларымен қалай шығуға болады?

    Жауап

    Азаматтар берген, өздеріне тиесілі жер учаскелеріне құқықтарын, оның ішінде құқығы шартты жер үлестері салым ретінде шаруашылық серіктестіктерінің жарғылық капиталына немесе жарна ретінде өндірістік кооперативтер, құрамынан шыққан кезде қатысушылардың (мүшелердің) ұйымдастыру үші...

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жер телімін алуға өтініш берген кезде өтініш беруші қандай құжаттарды ұсынуы керек?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік меншіктегі, конкурстарды (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 4-тармағына сәйкес «Мемлекеттік мен...

    ·
    Сұрақ

    Дүкен салу үшін жер учаскесін қалай алуға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес, коммерциялық жер учаскелері конкурс немесе аукцион арқылы беріледі. Сондай конкурс пен аукциондарға қатысып дүкен салу үшін жер телімін алуға мүмкіндігіңіз бар. Бұндай аукциондар Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабы...

    ·
    Сұрақ

    Мен коммерциялық қызметпен айналысқым келеді, мемлекет меншігінде болуы мүмкін адам көп жүретін жерге стационарлық дүңгіршек орнатқым келеді, мемлекеттік сертификатсыз дүңгіршек орната аламын ба?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының әкімшілік бұзушылық кодексінің 136 бабына сәйкес: жерге мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу туралы: Мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу немесе айырбастау не жерге мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер...

    ·
    Сұрақ

    Менің жер телімім бар, нысаналы мақсаты – жеке қосалқы шаруашылық, өз учаскеме сауда қызметін жүргізу үшін дүкен немесе ғимараттар сала аламын ба?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 65 бабына сәйкес, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерiн пайдалану жөнiндегi мiндеттерi: Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар: 1) жердi оның нысаналы мақсатына немесе елді мекендердегі ж...

    ·