Мен коммерциялық қызметпен айналысқым келеді, мемлекет меншігінде болуы мүмкін адам көп жүретін жерге стационарлық дүңгіршек орнатқым келеді, мемлекеттік сертификатсыз дүңгіршек орната аламын ба?
Қазақстан Республикасының әкімшілік бұзушылық кодексінің 136 бабына сәйкес: жерге мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу туралы:
Мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу немесе айырбастау не жерге мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сондай-ақ уақытша иеленген мемлекеттiк жердi уақтылы қайтармау –
жеке тұлғаларға – жетпіс бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.