Атқарушылық iс жүргiзу туралы

    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

    Сұрақ

    Атқарушылық iс жүргiзу туралы

    Жауап

    Қызмет бағыты

    Сұрақ

    Жауап

    1

    Атқарушылық iс жүргiзу туралы

    Атқарушылық іс жүргізу тілі қалай белгіленеді?

    Атқарушылық іс жүргізу және оны жүргізумен байланысты іс-қағаздарын жүргізу тілі сот шешімінің немесе орындауға жататын өзге де құжаттың тілі ескеріле отырып белгіленеді (Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 8- б.).

    2

    Атқарушылық iс жүргiзу туралы

    Атқарушылық іс-әрекеттер жасау кезінде келтірілген шығыстарды өтеу туралы сот орындаушысының қаулысын ұсыну мерзімі қандай?

    Атқарушылық іс – әрекеттер жасау кезінде шеккен шығыстарды өтеу туралы сот орындаушысының қаулысын ұсыну мерзімі-үш жыл ішінде (Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 11-б. 1-т. 8)-т.).

    3

    Атқарушылық iс жүргiзу туралы

    Қылмыстық теріс қылық және (немесе) қылмыс үшін атқару парақтары қандай мерзімде көрсетілуі мүмкін?

    Қылмыстық теріс қылық және (немесе) қылмыс үшін айыппұл өндіріп алу туралы атқару парақтары үкім заңды күшіне енгеннен кейін: қылмыстық теріс қылық үшін сотталған кезде бір жыл ішінде; ауырлығы аз қылмыс үшін сотталған кезде үш жыл ішінде; ауырлығы орташа қылмыс үшін сотталған кезде алты жыл ішінде; он жыл ішінде орындалуы мүмкін ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған кезде; он бес жыл ішінде аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған кезде (Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 11-б. 1-т. 11)-т.).

    4

    Атқарушылық iс жүргiзу туралы

    Заңды күшіне енгеннен кейін атқарушылық құжаттар мәжбүрлеп орындау үшін қандай мерзімде ұсынылуы мүмкін?

    Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген құжаттарды қоспағанда, атқарушылық құжаттар заңды күшіне енгеннен кейін бес жұмыс күнінен ерте емес мәжбүрлеп орындауға ұсынылуы мүмкін (Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 11-б. 1-1-т.).

    5

    Атқарушылық iс жүргiзу туралы

    Атқарушылық құжатты орындауға ұсыну үшін өткізіп алған мерзімді қалпына келтіруге бола ма?

    Атқарушылық құжатты орындауға ұсыну үшін мерзімді өткізіп алған өндіріп алушы сот актісін шығарған сотқа немесе орындалған жері бойынша сотқа өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішпен жүгінуге құқылы. Сот атқару парағын, сот бұйрығын орындауға ұсыну үшін мерзімді өткізіп алу себептерін дәлелді деп таныған жағдайда, мерзім қалпына келтірілуі мүмкін (Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 13- б. 1,2-т.).

    6

    Атқарушылық iс жүргiзу туралы

    Атқарушылық іс жүргізу тараптарының өкілдері қандай өкілеттіктерге ие?

    Атқарушы іс жүргізудегі өкіл өкілдік берілген атынан сенімхатпен берілген өкілеттіктер шегінде атқарушылық іс жүргізуге байланысты барлық әрекеттерді жасайды. Өкілге берілетін сенімхатта өкілдің мынадай әрекеттерді жасауға өкілеттігі арнайы айтылуға тиіс:

    1) атқарушылық құжатты ұсыну және кері қайтарып алу;

    2) өкілеттіктерді басқа адамға беру (қайта сенім білдіру);

    3) сот орындаушысының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) немесе шешімдеріне шағымдану;

    4)берілген мүлікті (оның ішінде ақшаны) алу;

    5) бітімгершілік келісім жасасу (Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 19- б. 1,2-т.).

    7

    Атқарушылық iс жүргiзу туралы

    Атқарушылық іс жүргізуде кім өкіл бола алмайды?

    Он сегіз жасқа толмаған немесе қорғаншылықта немесе қамқоршылықта тұрған адамдар атқарушылық іс жүргізуде өкіл бола алмайды. Судьялар, прокурорлар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, өкілді органдардың депутаттары, уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Аппаратының қызметкерлері, сондай-ақ олардың жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) тиісті ұйымдардың уәкілетті өкілдері немесе заңды өкілдері ретінде атқарушылық іс жүргізуге қатысқан жағдайларды қоспағанда, атқарушылық іс жүргізуде өкіл бола алмайды. Егер осы іс бойынша мүдделері өкілдіктің мүдделеріне қайшы келетін адамдарға, сондай-ақ егер ол сот орындаушысының жұбайы (зайыбы) немесе жақын туысы болып табылса, адам өкіл бола алмайды (Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 20- б. 1,2-т.).

    8

    Атқарушылық iс жүргiзу туралы

    Қандай жағдайларда атқарушылық іс жүргізуге қатысушылар атқарушылық іс-әрекеттер туралы алдын ала хабардар етілмейді?

    Атқарушылық құжат дереу орындалуға жататын жағдайларда, сондай-ақ мүлікке тыйым салу және өзге де қамтамасыз ету шараларын қабылдау кезінде сот орындаушысы Атқарушылық іс жүргізуге қатысушыларды бұл туралы алдын ала хабардар етпей атқарушылық іс-әрекеттер жасауға және мәжбүрлеп орындау шараларын қолдануға құқылы (Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 27-б. 1-т.).

    9

    Атқарушылық iс жүргiзу туралы

    Борышкерді қалай іздеуге салуға болады?

    Борышкердің болатын жері белгісіз болған кезде сот орындаушысы ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі арқылы борышкерге іздеу салуды жариялау туралы қаулымен атқарушылық құжат орындалатын жердегі прокуратура органдарына жүгінуге міндетті. Борышкерге іздеу салу жарияланған және оның өндіріп алуды қолдануға болатын мүлкі болмаған кезде атқарушылық іс жүргізу тоқтатыла тұрады.

    Борышкердің орналасқан жері белгілі болған немесе оның мүлкі анықталған кезде атқарушылық іс жүргізу қайта басталады.

    Борышкерге iздеу салуды прокурордың санкциясымен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен iшкi iстер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі жүзеге асырады.

    Борышкерге iздеу салу жөнiндегi шығыстар атқарушылық әрекеттер жасау жөнiндегi шығыстарға жатады және борышкерден мемлекеттік бюджетке сот арқылы өндiрiп алынуға тиiс.

    Борышкерге iздеу салу жөнiндегi шығыстар іздеу салуды жүзеге асыратын органдардың өтініші негізінде айқындалады (Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 45-б.).

    10

    Атқарушылық iс жүргiзу туралы

    Қайтарылған атқару құжатын өндіріп алуға қайта беруге бола ма?

    Атқарушылық құжатты өндiрiп алушыға қайтару заңда белгiленген атқарудың ескіру мерзiмi шегiнде осы құжатты орындауға қайталап ұсынуға кедергi болып табылмайды (Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 48-б. 2-т.).

    11

    Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы

    Жылжымайтын мүлікке қандай ауыртпалықтар мемлекеттік тіркеуге жатады?

    Жылжымайтын мүлікке құқықтардың мынадай ауыртпалықтары құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуге жатады:1) кемінде бір жыл мерзімге пайдалану құқығы, соның ішінде жалға беру, өтеусіз пайдалану, сервитуттар, өмір бойы қарауында ұстау құқығы, рента;

    2) сенімгерлікпен басқару құқығы, оның ішінде қорғаншылық, қамқоршылық кезінде, мұралық құқық қатынастарында, банкроттықта және басқаларында сенімгерлікпен басқару құқығы;

    3) кепіл;

    4) тыйым салу;

    5) мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде жылжымайтын мүлікті пайдалануға, оған билік етуге немесе белгілі бір жұмыстарды орындауға шектеу қоюы (тыйым салуы);

    6) басым мүдделерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жылжымайтын мүлікке құқықтардың өзге ауыртпалықтары (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310 «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 5-б.).

    12

    Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы

    Құқықтық кадастрда қандай ауыртпалықтар міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайды?

    Құқықтық кадастрда міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын басым мүдделер:

    1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жалпы ережелер мен тыйым салулар ретіндегі ауыртпалықтар;

    2) нормативтік құқықтық актілердің негізінде туындайтын құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары), оның ішінде жалпыға қолжетімді жабық емес жер учаскелерінде болу және олардан жаяу өту құқығы, жария сервитуттар;

    3) кемінде бір жыл мерзімге жер пайдалану құқығы;

    4) бөтен жылжымайтын мүлікті бір жылдан аз мерзімге пайдалану құқығы, соның ішінде бір жылдан аз мерзімге жалдау, өтеусіз пайдалану құқығы, сервитуттар;

    5) электр беру желілеріне, телефон және телеграф желілеріне және бағандарға, құбырларға, геодезиялық пункттерге және қоғамдық мұқтаждарға байланысты басқа да коммуникациялық желілерге адамдардың қол жеткізу және көлік өту құқығы;

    6) иелену мерзімінің ескіруіне орай іс жүзіндегі иесінің жылжымайтын мүлікке меншік құқығын белгіленген тәртіппен танығанға дейін құқық иесі болып табылмайтын адамдардың жылжымайтын мүлікті іс жүзінде иеленуі;

    7) мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларын пайдалану құқығы немесе жергілікті атқарушы органдардың жеке меншік тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайларын пайдалану құқығы болып табылады (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310 «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 8-б.).

    13

    Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы

    Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы

    Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және ғимараттарды, құрылысжайларды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау үшін тіркеуші орган өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары кім белгілейді?

    Жылжымайтын мүлікке құқықтарды, оның ішінде жеделдетілген тәртіппен мемлекеттік тіркегені және ғимараттарды, құрылысжайларды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарағаны үшін тіркеуші орган өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметін ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті органның шешімімен белгіленеді (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310 «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 10-б. 2-т.).

    14

    Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы

    Құқықтық кадастрдың құрамына не кіреді?

    Құқықтық кадастр:

    1) тіркеуге келіп түсетін құжаттарды есепке алу кітабынан;

    2) тіркеу парақтарынан;

    3) құқықтық кадастрдан мәліметтер беруге сұрау салуларды есепке алу кітабынан;

    4) тіркеу істерінен;

    6) ақпараттық жүйеден тұрады (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310 «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 12-б.).

    15

    Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы

    Құқықтық кадастрдан алынған мәліметтер кімге қолжетімді?

    Жылжымайтын мүліктің нақты объектісі бойынша ақпарат және жеке немесе заңды тұлғаның тіркеуші орган куәландырған, өзіндегі жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықтары (құқықтар ауыртпалықтары) туралы жинақталған деректер құқық иесінің (уәкілетті өкілдің) сауалдары бойынша және:

    1) адвокаттардың;

    2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттеріне сәйкес жүргізуінде жатқан қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша құқық қорғау, сот органдарының;

    3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттеріне сәйкес жүргізуінде жатқан атқарушылық құжаттар бойынша сот орындаушыларының;

    4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттеріне сәйкес мемлекеттік кіріс органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың;

    5) нотариустардың, мұрагерлердің;

    6) оңалту және банкроттық рәсімдері шеңберінде уақытша, банкроттықты және оңалтуды басқарушылардың, мәжбүрлеп таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясының (таратушының);

    6-1) Қазақстан Республикасы азаматының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттығы рәсімдерінің шеңберінде қаржы басқарушыларының;

    7) қорғаншылық және қамқоршылық органдарының;

    8) егер осы баптың 3-1 және 3-2-тармақтарында өзгеше көзделмесе, құқық иесінің жазбаша келісімімен өзге де тұлғалардың уәжді сауалдары бойынша беріледі (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310 «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 17-б.3-т.).

    16

    Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы

    Құқықтық кадастрда қандай мәліметтер тіркелуге жатады?

    Құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуге:

    1) осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жылжымайтын мүлік объектісінің құқықтық кадастрды жүргізу үшін қажетті сәйкестендіру сипаттамаларының өзгеруі;

    2) құқықтық кадастрдың тіркеу парағында қамтылған құқық иесі туралы мәліметтердің өзгеруі;

    3) заңнамалық актінің негізінде құқық түрінің өзгеру жағдайын қоспағанда, құқық түрінің өзгеруі;

    4) егер олар тіркеу парағында қамтылған мәліметтерге қатысты болса, жылжымайтын мүлік объектісіне белгіленген құқықтардың көлеміне әсер етсе немесе олар тараптардың келісімі бойынша тіркелуге тиіс болса, шарттар талаптарының өзгеруі жатады;

    5) егер, бұл осы Заңда, өзге де заңнамалық актілерде немесе тараптардың келісімінде көзделсе, өзге өзгерістер құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуге жатады (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310 «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 6-б.1-т.).

    17

    Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы

    Мемлекеттік органдардың шешімі бойынша болған жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгерістері тіркелуге жатады ма?

    Жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгеруі мемлекеттік органдардың шешімі бойынша болған жағдайда, оның ішінде елді мекендердің атауы, көшелердің аты, сондай-ақ үйлер мен өзге де құрылыстардың реттік нөмірлері (мекенжайы) өзгерген кезде немесе Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысын реформалауға байланысты кадастрлық нөмірлер өзгерген кезде мұндай өзгерістерді тіркеу құқық иеленушіге жүктеле алмайды және өтеусіз жүзеге асырылады.

    Жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамаларының мемлекеттік органдардың шешімі бойынша, оның ішінде елді мекендердің атауы, көше аттары, сондай-ақ ғимараттар мен өзге де құрылыстардың реттік нөмірі (мекенжайы) өзгерген кезде болған өзгерістерін мемлекеттік тіркеу мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310 «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 6-б.2-т.).

    18

    Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы

    Жылжымайтын мүлікке құқықтар қай сәттен бастап пайда болады?

    Осы Заңның 4, 5 және 6-баптарына сәйкес құқықтық кадастрда міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын мүлікке құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары), егер осы Заңда және өзге де заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, олар мемлекеттік тіркелген сәттен бастап туындайды.

    Егер тіркеуден бас тартылмаса, мемлекеттік тіркеу сәті болып өтініш берген сәт танылады.

    Электрондық тіркеу кезінде жылжымайтын мүлікке құқықты (құқық ауыртпалығын) мемлекеттік тіркеу кезі тіркеуші органның жүргізілген тіркеу туралы хабарлама жіберуі арқылы оның туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын растау кезі болып табылады (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310 «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 7-б.1-т.).

    19

    Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы

    Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті органның құзыретіне не кіреді?

    Уәкілетті орган:

    1) тіркеуші органның қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

    2) құқықтық кадастрды қолдауға қойылатын талаптарды және құқықтық кадастрға қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

    4) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы статистикалық және өзге де есептік ақпаратты беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

    4-1) жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

    4-2) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының нысанын әзірлейді және бекітеді;

    4-3) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану тәртібін әзірлейді және бекітеді;

    5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310 «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 18-1-б).

    20

    Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы

    Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы тіркеуші органның құзыретіне не кіреді?

    Тіркеуші орган:

    1) құқықтық кадастрды қолдауға қойылатын талаптардың және құқықтық кадастрға қол жеткізу қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

    2) уәкілетті органға қағидаларға сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы статистикалық және өзге де есептік ақпаратты береді;

    енгiзiледi) Заңымен;
    4) құқықтық кадастрға мәліметтерді енгізудің анықтығын қамтамасыз етеді;

    5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310 «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 18-2-б).

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі

    Жауап

    № Жиі қойылатын сұрақтар Жауап Сараптама қызметі 1. Сарапшы қорытындысының көшірмесін қалай алуға болады? Іс жүргізу заңнамасына және Қазақстан Республикасының тиісті «Сот-сараптама қызметі туралы» Заңына сәйкес сот сарапшысы сот сараптамасын жүргізуді ұйымдастыруға байланысты өз...

    Сұрақ

    Сот сараптама

    Жауап

    № Сұрақ Жауап 1 Сот сарапшысы қалай болуға болады? Сарапшының сот сараптамасының белгілі бір түрі саласында жоғары білімі және арнайы ғылыми білімі болуға тиіс. Заңда, сот сараптамасы органдарының қызметкерлері мен лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын жеке тұлғ...

    Сұрақ

    Зияткерлік меншік

    Жауап

    1. Зияткерлік меншік Тауар белгісін қалай тіркеуге болады? Тауар белгісін тіркеу үшін өтінімді ресімдеп, оны ҚР ӘМ ЗМҚК "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі мәтін бойынша - "ҰЗМИ" РМК) беру қажет. Тау...