Мемлекеттік тұрғын үй қандай шарттармен беріледі: меншікке, сатып алу құқығынсыз жалға беру?

    Жетісу облыстық құрылыс басқармасы

    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қандай шарттармен беріледі: меншікке, сатып алу құқығынсыз жалға беру?

    Жауап

    "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - заң) 74-бабына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, осы Заңның 98-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен қоса өтініш берілген кезден бастап тізімдерде белгіленген кезектілік тәртібімен беріледі.

    Бүгінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілетін тұрғын үй сатып алу құқығынсыз беріледі. "Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй" ұғымы Заңға 2019 жылғы 6 мамырда енгізілді.

    Кезекте тұрғандар сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй алған жағдайда, азаматтар кезектен алынады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Құрылысқа қатысушылардың міндеттері заңнамалық деңгейде бекітілген бе?

    Жауап

    Объектілерді пайдалануға комиссиялық қабылдау алып тасталғанын ескере отырып, құрылыс объектілерін бақылау жүйесі реформаланды және құрылыс процесіне қатысушылардың міндеттері мен құқықтары анықталған, атап айтқанда: - мердігерлік компанияның жеке өндірістік бақылауды міндетті жү...

    Сұрақ

    Лицензия бойынша тұрақсыздық айыбы қандай жағдайларда төленеді?

    Жауап

    Тұрақсыздық айыбы өндіруге арналған лицензия бойынша төленеді «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 221 - бабының 2-тармағына сәйкес тұрақсыздық айыбы өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын жұмыстар мен көрсетіле...