Құрылысқа қатысушылардың міндеттері заңнамалық деңгейде бекітілген бе?

    Жетісу облыстық құрылыс басқармасы

    Сұрақ

    Құрылысқа қатысушылардың міндеттері заңнамалық деңгейде бекітілген бе?

    Жауап

    Объектілерді пайдалануға комиссиялық қабылдау алып тасталғанын ескере отырып, құрылыс объектілерін бақылау жүйесі реформаланды және құрылыс процесіне қатысушылардың міндеттері мен құқықтары анықталған, атап айтқанда:

    - мердігерлік компанияның жеке өндірістік бақылауды міндетті жүзеге асыру жөніндегі міндеті;

    - мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының сұрау салуы бойынша мердігерлік компанияның орындалатын (орындалған) құрылыс-монтаж жұмыстарының және қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдар мен конструкциялардың сапасына зерханалық бақылау жүргізу міндеті;

    - тапсырыс берушінің құрылыста техникалық және авторлық қадағалаудың міндетті түрде сүйемелдеуі жөніндегі міндеті;

    - техникалық және авторлық тұрақты негізде құрылыс объектісін қадағалауды қамтамасыз ету, тапсырыс беруші мен Мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау органдарына олардың берген нұсқамаларын орындамау туралы хабардар ету бойынша міндеті.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қандай шарттармен беріледі: меншікке, сатып алу құқығынсыз жалға беру?

    Жауап

    "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - заң) 74-бабына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, осы Заңның 98-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мұқтаждар...

    Сұрақ

    Лицензия бойынша тұрақсыздық айыбы қандай жағдайларда төленеді?

    Жауап

    Тұрақсыздық айыбы өндіруге арналған лицензия бойынша төленеді «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 221 - бабының 2-тармағына сәйкес тұрақсыздық айыбы өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын жұмыстар мен көрсетіле...