Қазақстанда мектептерде діни киім кию мәселесі өзекті болып тұр. Заңда оны киюге тыйым салынады, бұл діндар азаматтардың құқығын бұзу емес пе немесе қандай да бір жеңілдік бола ма?

    Жетісу облысы дін істері басқармасы

    Сұрақ

    Қазақстанда мектептерде діни киім кию мәселесі өзекті болып тұр. Заңда оны киюге тыйым салынады, бұл діндар азаматтардың құқығын бұзу емес пе немесе қандай да бір жеңілдік бола ма?

    Жауап

    Біріншіден, қоғамдағы міндетті мектеп формасын сақтауға қатысты мемлекеттің заңнамалық нормаларына тоқталған жөн. Қазақстан Республикасы Конституциясының 22-бабына сәйкес «Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар». Бұл ретте, осы бапта жазылғандай, «Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс».

    Конституциялық және өзге де заңнамалық нормаларға сүйене отырып, «Білім туралы» Заң осы саладағы тиісті құқықтық қатынастарды анықтайды. Атап айтқанда, «Білім туралы» Заңның 47 және 49 баптары оқушылардың мектеп формасын міндетті түрде сақтауын және ата-аналардың мектеп формасын сақтауды қамтамасыз ету міндетін бекітеді.

    Осыған орай, ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар туралы» бұйрығы қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес әзірленген.

    Сондықтан бұл сенушілердің құқықтарын бұзу болып табылмайды.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Мешіттердегі имамдарды қызметке тағайындау және жұмысынан босату, жаза беру немесе басқа өңірге ауыстыру шаралары қандай мемлекеттік органның құзіретіне жатады?

    Жауап

    «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген. Діни бірлестіктердің қызметі заңға қайшы келмеген жағдайда, мемлекет діни бірлестіктердің қызметіне араласпайтындығы көрсетілген...

    Сұрақ

    Діни максаттағы заттарға не жатады? Оларға дінтану сараптамасы қажет пе?

    Жауап

    «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 1-тармағына сәйкес, құдайға құлшылық ету, діни әдет-ғұрыптар мен рәсімдер үшін қажетті, сондай-ақ діни нышанның элементтері бар заттар, бұйымдар мен атрибуттар, дiни мақсаттағы...