АЭА заманауи жоғары өнімді, бәсекеге қабілетті өндірістерді жедел дамыту, қызмет көрсетудің сапалы жаңа деңгейін қалыптастыру, экономика салалары мен өңірлерге жаңа технологияларды енгізу мақсатында құрылады. Яғни, бұл кез келген АЭА құру кезіндегі Бірыңғай мақсат. Бұл ретте, Алматы қаласында инновациялық жобаларды іске асыру үшін тікелей құрылған және IT және ҒЗТКЖ саласына баса назар аударған "Инновациялық технологиялар паркі" АЭА бар. Бүгінгі таңда осы АЭА аумағында бірқатар жобалар іске асырылды, оның ішінде геологиялық-геофизикалық ақпаратты көпөлшемді талдау және жобалау жүйесі, жер үсті монтаждау технологиясын пайдалана отырып радиотехникалық бұйымдар өндірісі, ҚР-да цифрлық теле және радиохабарларға арналған жабдықтар өндірісі, түрлі бағдарламалық қамтамасыз етулер өндірісі.