2023 жылғы 4 тоқсанның қорытындысы бойынша Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына (бұдан әрі – МЖҚҚББ) 3.11.2023 жылғы №87 бұйрықпен енгізілген:
- Қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия беруге арналған блоктар түріндегі 6344 жер қойнауы учаскесі, блоктар саны-732 975 блок;
- Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия беру үшін 1677 жер қойнауы учаскесі;
- Аукцион арқылы қатты пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия беру үшін 83 жер қойнауы учаскесі.
Бұдан басқа, 28.12.2023 жылғы №173 бұйрық шеңберінде МЖҚҚББ қатты/кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға қосымша 10618 блок енгізілді. Осы учаскелер бойынша өтініштерді қабылдау 2024 жылғы 1 сәуірде жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасында басталады minerals.gov.kz.