Ең алдымен, жиналыста меншік иелері кондоминиум объектісін басқару нысанын таңдауға тиіс. Шешім дауыс беруге тікелей қатысқан пәтер, тұрғын емес үй- жайлар иелерінің жалпы санының көпшілігінің келісімімен қабылданады («Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 7-бөлімі).
МИБ мемлекеттік тіркелген сәттен бастап құрылды деп есептеледі және заңды тұлға құқығына ие болады.
Бұл ретте МИБ мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен әділет органдары жүзеге асырады.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 44 бабының 3 тармағына сәйкес МИБ мемлекеттік тіркеу үшін әділет органдарына ұсынылады:
- Қазақстан Республикасы әділет Министрлігімен белгіленген нысан бойынша өтініш
- жиналыс хаттамасы;
- мүлік иелері бірлестігінің жарғысы;
- заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.
Бұл ретте тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган МИБ үлгі жарғысын әзірлейді және бекітеді.