«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген 2- қосымшаға сәйкес, орындалу (көрсетілу) сапасы осындай жұмыстарды (қызметтерді) тікелей орындайтын (көрсететін) қызметкердің біліктілігіне байланысты жұмыстарды (қызметтерді) сатып алу жағдайында техникалық ерекшелікте қызметкерге, оған жүктелетін міндеттерді орындау үшін оның қажетті деңгейі мен кәсіби даярлық бейінін, үш жылдан аспайтын жұмыс өтілін (Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе бекітілген нормативтерде неғұрлым жоғары өтіл көзделген жағдайларды қоспағанда) айқындайтын қойылатын талаптардың сипаты беріледі.
Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті жүзеге асыруды қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындау қажет.