Жауапкершілік деңгейін айқындау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығымен бекітілген Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын (бұдан әрі - Қағидалар) басшылыққа алу қажет.
Көрсетілген Қағидалардың 9-тармағына сәйкес жобаланатын объектінің жауапкершілік деңгейін жаңа және (немесе) қолданыстағы объектілерді өзгертуді (реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реставрациялау, күрделі жөндеуді) қоса алғанда, тапсырыс беруші айқындайды.
Қағидалардың 10-тармағына сәйкес, құрылысқа белгіленген объектінің жауапкершілік деңгейін жобалау процесінде конструкцияларды (конструкциялық схемаларды) есептеу нәтижелері бойынша, есептеулер, жүктемелер мен әсерлер жөніндегі негізгі ережелерді айқындайтын мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтермен белгіленетін негіздер мен құрылыс конструкцияларының сенімділігі мен беріктігіне қойылатын техникалық талаптардың дәрежесі бойынша жобаны әзірлеуші (бас жобалаушы) нақтылайды.