Мемлекеттік монополияға мыналар жатады: жобалардың (техникалық-экономикалық негіздемелердің және жобалау-сметалық құжаттаманың) ведомстводан тыс кешенді сараптамасы:
1) қаржыландыру көздеріне қарамастан, ықтимал қауіпті құрылыс объектілеріне жататын жаңа өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі жаңа объектілерді, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу;
2) бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестицияның өзге де нысандары есебінен қаржыландырылатын, жұмыс істеп тұрған объектілерді реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және күрделі жөндеу:
ықтимал қауіпті;
техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі.