Бүгінгі таңда қолданыстағы тұрғын үй заңнамасына сәйкес жесірлердің жеке санаты жоқ.
Бұл санат «толық емес отбасы» ұғымына жатады.
Бұл жайлы Парламент Мәжілісінде тұрғын үй саясатын реформалау жөніндегі Заң жобасы бар екенін атап өтеміз.
Депутаттар тұрғын үй саясатын реформалау жөніндегі Заң жобасы шеңберінде асырауында кәмелетке толмаған балалары мен студенттері бар жесірлерді халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын жеке санатқа шығаруды ұсынады.
Бұл түзету Үкіметтің қорытындысымен қолдау тапты.
Заң қабылданғаннан кейін жесірлер санатын «Бақытты отбасы» (2-10-20) жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасына қатысуға қосу бөлігінде тұрғын үйге мұқтаж ҚР азаматтарының құрылысты қаржыландыру және тұрғын үйді сатып алу қағидалары қайта қаралатын болады.