Алушы елдің Қазақстан Республикасынан импортталатын өнімді тек мәлімделген мақсаттарда пайдалану және оны қазақстандық тараптың келісімінсіз үшінші елдерге кері экспорттауға немесе беруге жол бермеу туралы міндеттемесінің болуы. Түпкілікті пайдаланушы сертификаты*, халықаралық импорттық сертификат немесе алушы елдің құзыретті органы берген өзге де кепілдік құжаты:
тауардың атауы мен саны; сыртқы сауда келісімшартының (шартының) немесе өзге де иеліктен шығару құжатының нөмірі мен күні;
импортталатын өнімді мәлімделген мақсаттарда пайдалану;
Қазақстан Республикасының ерекше тауарларды бақылау саласындағы уәкілетті органының келісімінсіз өнімді Үшінші елдерге кері экспорттауға жол бермеу