Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарын қазіргі заманғы әскери мақсаттағы тауарлармен (өнімдермен), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлармен (өнімдермен), әскери мақсаттағы жұмыстармен және әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету;
2) мемлекетте қорғаныс қабілетін, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті арттыру және нығайту мүдделерінде қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың қазіргі заманғы түрлерін жасауды қамтамасыз ету;
3) қолданбалы зерттеулерді және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дамыту және оларды одан әрі коммерцияландыру болып табылады.