Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс – мемлекетте қорғаныс мұқтаждары, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметі, мемлекеттік материалдық резерв, жұмылдыру, ғарыш қызметі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар мен міндеттемелерді орындауы үшін сатып алынатын әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің тізбесін (номенклатурасын) бекітетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтық актісі.