Мемлекеттік гарнт кімге және қанша көлемде(суммада) беріледі?

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік гарнт кімге және қанша көлемде(суммада) беріледі?

    Жауап

    Мемлекеттік грантты бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлайтын немесе іске асырып жатқан «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.Грант көлемі: 200 айлық есептік көрсеткіш.
    «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткен немесе «Еңбек» бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде қысқа мерзімді оқуды аяқтаған және бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде гранттар алмаған «Еңбек» бағдарламасының қатысушылары мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлер болып табылады.
    Мемлекеттік гранттар қажетті инвентарьді, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықты, малды, құстарды сатып алуға пайдаланылады.
    Қайда шағымдану қажет: тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту оралықтарына.
    Қандай құжаттар қажет: жеке басын куәландыратын құжат, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуды бітіргендігі туралы сертификат немесе қысқа мерзімді оқыту курстарынан өткені туралы сертификат.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жұмыс іздеуші ретінде тіркеу қалай жүргізіледі?

    Жауап

    2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (№ 482-V ҚРЗ) 13- бабына сәйкес жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген адам жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін тұрғылықты жерiндегі халықты жұмыспен қамту ортал...

    ·
    Сұрақ

    Кәсіпкерлік мақсатта қалай жер алуға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы «Жер Кодексінің» 48 бабына сәйкес, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар сауда-саттыққа (конкурстарға, аукциондарға) шығарылып беріледі. Аталған кодекстің 48 бабының 3 тармағына сәйкес, сатуға арналған жер учаскесі:жер...

    ·
    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» № 246 Заңына сәйкес, табыстары облыста бекітілген кедейлік шегінен төмен отбасылар үшін тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту орталығына, орталық болмаған жағдайда кент, ауылдық...

    ·