Кәсіпкерлік мақсатта қалай жер алуға болады?

    ·
    Сұрақ

    Кәсіпкерлік мақсатта қалай жер алуға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы «Жер Кодексінің» 48 бабына сәйкес, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар сауда-саттыққа (конкурстарға, аукциондарға) шығарылып беріледі. Аталған кодекстің 48 бабының 3 тармағына сәйкес, сатуға арналған жер учаскесі:жер учаскесінің шекарасы айқындалғаннан;жер учаскесінің нысаналы мақсаты және оның кадастрлық (бағалау) құны анықталғаннан; сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізу туралы шешім қабылданғаннан; сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізу туралы хабарлама жарияланғаннан кейін сауда – саттыққа шығарылады. Конкурсты өткізу туралы хабарлама тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында және жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында жарияланып отырады. Жер учаскесінің шекарасын анықтау мақсатында Жаңақорған аудандық жер қатынастары бөліміне (Жаңақорған кенті, М.Көкенов көшесі №44, 1 қабат, тел: 21-2-78) хабарласуға болады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жұмыс іздеуші ретінде тіркеу қалай жүргізіледі?

    Жауап

    2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (№ 482-V ҚРЗ) 13- бабына сәйкес жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген адам жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін тұрғылықты жерiндегі халықты жұмыспен қамту ортал...

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік гарнт кімге және қанша көлемде(суммада) беріледі?

    Жауап

    Мемлекеттік грантты бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлайтын немесе іске асырып жатқан «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.Грант көлемі: 200 айлық есептік көрсеткіш.«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстары...

    ·
    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» № 246 Заңына сәйкес, табыстары облыста бекітілген кедейлік шегінен төмен отбасылар үшін тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту орталығына, орталық болмаған жағдайда кент, ауылдық...

    ·