Тұтынушы сатып алынған өнімде ГМО-ның бар-жоғын оны қолына алғанда, көзімен және иісінмен анықтай алмайды, ол үшін санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу қажет.
Кеден одағының "Тамақ өнімі оны таңбалау бөлігінде" техникалық регламентіне сәйкес: егер дайындаушы тамақ өнімін өндіру кезінде гендік-модификацияланған организмдерді пайдаланбаған жағдайда, онда тамақ өніміндегі ГМО мөлшері «0,9 пайыз және одан аз» кездейсоқ немесе техникалық жойылмайтын қоспа болып табылады және мұндай тамақ өнімі құрамында ГМО бар тамақ өніміне жатпайды. Мұндай тамақ өнімдерін таңбалау кезінде ГМО болуы туралы мәліметтер көрсетілмейді.
Осыдан, егер зерттелетін өнімде құрамының пайызы 0,9-дан аз немесе оған тең болса, онда ол таңбаланбайды және зиянсыз деп саналады.
Сондықтан тұтынушыларға сатып алудан бұрын өнімнің таңбалануын мұқият зерделеу ұсынылады.