Диеталық қоспаларды іске асырудың қандай ережелері бар?

    ·
    Сұрақ

    Диеталық қоспаларды іске асырудың қандай ережелері бар?

    Жауап
    Биологиялық белсенді қоспалар дегеніміз (ББҚ)— тағам құнарын арттыру мақсатында қолданылатын табиғи және табиғи тектес заттар, құрамында: мультивитаминдер, минералды кешендер және т. б. бар.
    Қазіргі уақытта ББҚ дәріхана желісі, интернет-сайттар және басқалар арқылы жүзеге асырылады. ББҚларды іске асыруға қойылатын талаптар ҚР «Жарнама туралы» Заңында және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 27 қазандағы № ҚР ДСМ-160/2020 бұйрығымен және өзгеде заңнамамен бекітілген тағамға биологиялық белсенді қоспаларды жарнамалауды жүзеге асыру қағидаларында регламенттелген. Теле және радиоарналарға, интернет-ресурстарға арналған жарнамаларда келесідей ақпараттар болуы тиіс:
    1. сауда атауы; негізгі қарсы көрсеткіштер;
    2. балаларға, жүкті әйелдерге, сондай-ақ емшек сүтімен емізу кезеңіне қатысты ерекше нұсқаулар;
    3. қолдануға арналған көрнекі және түсінікті ұсыныс;
    4. мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі, берілген күні.
    ББҚлар міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады. Біздің республикада ББҚ мемлекеттік тіркеуді / қайта тіркеуді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жүзеге асырады. Сізді қызықтыратын ББҚ тіркеуді Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында орналастырылған мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінен және «Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің тізілімі» бөліміндегі «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесі арқылы табуға болады.
    2022 жылы Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті өнім қауіпсіздігін мониторингілеу барысында ББҚ зерттеу үшін 51 сынама іріктеп алды, оның ішінде отандық өндіріс 12, ЕАЭО 38 сынама және басқа елдер 1 сынама, сәйкестік анықталмады.
    Департамент күн сайын ББҚ туралы жарнама таратушылар мен жарнама берушілерді анықтау бойынша әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізеді. Теле-радио арналары, мерзімді баспасөз басылымдары, интернет ресурстар, әлеуметтік желілер, желілік басылымдар, сыртқы (көрнекі) жарнама заңнама талаптарының бұзылуын анықтау тұрғысынан мәліметтер көзі бола алады.
    Осыған байланысты, сауда субъектілері (объектілері) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік міндетті түрде болған кезде ғана тағамға ББҚ сатуды жүзеге асыруы қажет. Сонымен қатар, әрбір тұтынушы - тағамға ББҚ сатып алу кезінде сатушыдан оның қауіпсіздігін растайтын құжатты талап етуге құқылы.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Cынған қызуөлшегіштің сынабын дұрыс жинап алу жолы туралы?

    Жауап

    Қызуөлшегіш сынғаннан кейін оның ұшқан сынықтары мен ішіндегі сынапты жатқан орнын түсінуге тырысыңыз. Ең бастысы сынап тамшыларын үйде таратпау үшін төгілген сынапты басып алмаған жөн. Қызуөлшегіштің қалдықтары жатуы мүмкін аймақтан барлық үй тұрғындарын басқа бөлмеге шығару қаж...

    ·
    Сұрақ

    Жәндіктердің шағуынан қалай сақтануға болады?

    Жауап

    Көптен күткен жылу келді және қыста ұмытылған көптеген ойын-сауық пен демалыс түрлерін әкелді. Бірақ, өкінішке орай, ашық ауада уақыт өткізу тек жағымды сезімдер әкелмейді. Кенені көктемде және жазда табиғатта, әсіресе орманда «ілестіру»қаупі көпшілікке белгілі. Кенелер үнемі аур...

    ·
    Сұрақ

    Жаңа жылдық тәттіні қалай таңдауға болады?

    Жауап

    Жаңа жыл қарсаңында барлығы, әсіресе балалар сыйлықтарды асыға күтеді. Осы орайда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Солтүстік Қазақ...

    ·
    Сұрақ

    Су тасқыны кезінде және одан кейін өзіңізді аурулардан қорғау үшін қандай шараларды қолдану керек?

    Жауап

    Су тасқыны алдындағы кезеңде және су тасқыны кезінде жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында халыққа кеңес береміз: Су тасқыны алдындағы кезеңде:1) қар ерігеннен кейін аумақты жиналған қоқыстардан тазартуды, қазылған шұңқырлар мен аула дәретханаларын тазалауды және зарарсыздандыр...

    ·
    Сұрақ

    Егер көп қабатты тұрғын үйдің жертөлелерінде жәндіктер мен кеміргіштер пайда болса, қандай шаралар қолдануға болады?

    Жауап

    Жертөле үй-жайларында жәндіктер мен кеміргіштер табылған жағдайда тұрғылықты жері бойынша ось, ПИК, ЖШС, ӨК және т.б. жүгіну қажет, өйткені сіздің үйіңіз кәсіптік дезинфекциялық ұйымдармен шарттық негізде дезинсекциялық және дератизациялық іс-шараларды жүргізуге міндетті. Жеке пә...

    ·
    Сұрақ

    Егер азық-түлік дүкенінің желдету жүйесіндегі шу түнде ұйықтауға кедергі келтірсе ше?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін негіздердің бірі-нақты негіздер мен растайтын дәлелдер болған кезде ҚР заңнамасының талаптарын бұзу бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері болып т...

    ·
    Сұрақ

    Сәйкес келмейтін өнімдердің (тауарлардың) тізілімі дегеніміз не?

    Жауап

    Тұтынушыларжалған және Сәйкес келмейтін өнімдер туралы ақпараттыіздеу үшін сәйкес келмейтін өнімдердің (тауарлардың) тізілімін пайдалана алады. Сәйкес келмейтін өнімдердің (тауарлар) тізілімі қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Сәйкес келмейтін өнімдердің (тауарлардың) тізілі...

    ·
    Сұрақ

    Жеке медициналық кітапшаның болуы кімге қажет?

    Жауап

    Қызметкерлерге жеке медициналық кітапшаның болуы талап етілетін жұмыстардың 16 санаты анықталды. қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмыскерлері, өнеркәсіп және азық-түлік саудасы объектілерінің жұмыскерлері азық-түлік тауарларын тасымалдаумен айналысатын адамдар крем-кондитерл...

    ·