Жеке медициналық кітапшаның болуы кімге қажет?
Қызметкерлерге жеке медициналық кітапшаның болуы талап етілетін жұмыстардың 16 санаты анықталды.
- қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмыскерлері, өнеркәсіп және азық-түлік саудасы объектілерінің жұмыскерлері
- азық-түлік тауарларын тасымалдаумен айналысатын адамдар
- крем-кондитерлік өндірістердің және балалар сүт асүйлерінің жұмыскерлері
- жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі ұйымдардың (теміржол вокзалдарының, аэровокзалдардың, әуежайлардың, теңіз және өзен вокзалдарының, автовокзалдардың, метрополитендердің) жұмыскерлері, жолаушылар поездарының жолсеріктері, өзен, теңіз асханаларының стюарттары бастауыш, жалпы орта, кәсіптік
- жоғары білім беретін оқу орындарының, мектептен тыс мекемелердің қызметкерлері
- балалар үйлерінің қызметкерлері
- отбасы үлгісіндегі үйлердің қызметкерлері
- перзентханалардың (бөлімшелердің), балалар ауруханаларының (бөлімшелерінің), жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшелерінің, шала туған нәрестелер бөлімшелерінің және ауылдық ауруханалардың аралас бөлімшелері стационарларының медицина қызметкерлері және күндізгі стационарлар
- меншік нысанына қарамастан ұйымдардың медицина қызметкерлері
- қан қызметі ұйымдарының медицина персоналы, хирургиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық, стоматологиялық бейіндегі медицина қызметкерлері және диагностикалау мен емдеудің ивазивті әдістерін жүргізетін медицина қызметкерлері
- гемодиализбен айналысатын медицина персоналы, сондай-ақ вирусологиялық, бактериологиялық, клиникалық, иммунологиялық және паразитологиялық зертханалардың медицина персоналы, гемодиализбен айналысатын медицина қызметкерлері
- санаторийлер, демалыс үйлері, пансионаттар, интернаттар және мүгедектер мен қарттарға арналған үйлер
- үйдегі медициналық-әлеуметтік қызметкерлер, қызмет көрсету саласының қызметкерлері (моншалар, себезгі бөлмелері, сауналар, шаштараздар, косметологиялық салондар, кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары), бассейндер мен сумен емдеу орындарының
- балшықпен емдеу орындарының, спорттық-сауықтыру ұйымдарының қызметкерлері, қонақ үйлердің, мотельдердің, жатақханалардың, кемпингтердің менеджерлері, әкімшілері, қабаттарының меңгерушілері, дәріханалардың, фармацевтикалық ұйымдардың қызметкерлері (зауыттар) дәрілік заттарды дайындаумен, өлшеп-ораумен және өткізумен айналысатын қызметкерлер
- су дайындауға тікелей қатысы бар су құбыры құрылыстарының қызметкерлері, су құбыры желілеріне қызмет көрсететін тұлғалар, өндірістік зертханалардың, сумен жабдықтау және кәріз объектілерінің қызметкерлері
- жалпы білім беретін мектептердің, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының оқушылары (студенттері) міндетті медициналық тексеруге жататын қызметкерлер ретінде ұйымдарда практикадан өту алдында және одан өту кезеңінде оқуға түсетін адамдар.