Кене шағудан қалай қорғануға болады?

    ·
    Сұрақ

    Кене шағудан қалай қорғануға болады?

    Жауап
    📌 Күн жылыған соң табиғаттағы кенелердің белсенділік кезеңі басталды, кене шағудың эпидемиялық маусымы жыл сайын сәуірден бастап қазан айларына дейін жалғасады.
    📌 Кенелер - кене энцефалиті, кене сүзегі, кене боррелиозы (Лайм ауруы), геморрагиялық қызба және т.б. сияқты көптеген жұқпалы аурулардың қоздырғыштары ретінде қауіпті. Ең қауіптілердің бірі кене вирустық энцефалиті. Аурудың маусымдылығы кенелердің жаппай көбеюімен байланысты (мамыр-маусым айлары).
    📌 Кене энцефалиті – орталық жүйке жүйесінің басым зақымдануымен болатын жіті инфекциялық ауру. Аурудың салдары: мүгедектік пен өлімге әкелетін денсаулықтың толық тәуір болуынан, бұзылуына дейін.
    📌 Кене энцефалитінің вирусы адамға негізінен жұқтырған иксод кенелердің сору арқылы беріледі. Кенені езгенде немесе тістеген жерлерді тырнағанда вирус теріге жағылған кезде де аурудың пайда болуы мүмкін.
    📌 Профилактикалық шараларының жүйесі кенелердің шабуылының алдын алу және аурудың арнайы профилактикасы деп аталатын шаралардан тұрады. Қызметі кене энцефалитінің табиғи ошағында болуымен байланысты адамдар профилактикалық иммундауға жатады (өткен жылы Айыртау ауданы кене энцефалиті бойынша эндемиялық аудан болып айқындалды). Вакцинация тұрғылықты жері бойынша емханаларда жүргізіледі.
    📌 Кене шағудың спецификалық емес профилкатикасы үшін әдетте ұзын жеңді киім кию ұсынылады. Киімнің ашық түсіне артықшылық беріледі, өйткені қара кене ашық түсті киімде жақсы көрінеді.Әдетте кенелер жәбірленушіні шөпте немесе бутаның бұтағында отырғанда күтеді. Кенелер 1,5 метрден жоғары көтерілмейді, сондықтан олар адамның аяғына жабысады және соруға ыңғайылы жер іздейді. Кенелер баяу жәндіктер, адамның киіміне немесе денесіне түскенде бірден сормайды, жорғалап орынды жерді таңдайды. Сондықтан өзіңді және өзара тексеру тиімді. Кремдер, гельдер және аэрозольдер түрінде репелленттерді қолдануға болады.
    📌 Сондай-ақ, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде ағымдағы жылдың сәуір және қыркүйек айларында Қызылжар ауданы Бескөл және Пенково ауылдарында кенеге қарсы дезинсекциялық іс-шаралар өткізілетін болады.
    📌 Кенені тапқаннан кейін, оны күшпен жұлып алуға тырыспаңыз. Кене теріге ауыз қуысының көмегімен жақсы бекітіледі және сіз кененің денесін жұлып алып, «басын» қалдырып, қатты қабыну реакциясын тудыруы мүмкін. Кене шаққан орнын этил спиртімен немесе одеколонмен өңдеңіз, содан кейін денені басына мүмкіндігінше жақын ұстай отырып, кенені лассо-қаламымен, пинцетпен немесе қарапайым жіппен өзіңіз тартып алуыңыз керек. Кенені құмыраға, пластикалық көпіршікке немесе су бөтелкесіне салыңыз. Екі күн ішінде оны талдау үшін зертханаға апару керек. Жараны йодпен немесе спиртпен өндеңіз.
    📌 Кенені алу үшін майды, майлы кремді қолдануға болмайды! Бұл жағдайда оның демалуы бітеліп, сілекей мен қоздырғыштарды рефлекторлы түрде қанға жібереді, осылайша инфекция қаупін арттырады. Қолыңызды сабынмен мұқият жуыңыз.
    📌 Кене шағып алған адамдарға медициналық көмек, кеңес беру және медициналық бақылау үшін тұрғылықты жері бойынша емханаға бару ұсынылады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Cынған қызуөлшегіштің сынабын дұрыс жинап алу жолы туралы?

    Жауап

    Қызуөлшегіш сынғаннан кейін оның ұшқан сынықтары мен ішіндегі сынапты жатқан орнын түсінуге тырысыңыз. Ең бастысы сынап тамшыларын үйде таратпау үшін төгілген сынапты басып алмаған жөн. Қызуөлшегіштің қалдықтары жатуы мүмкін аймақтан барлық үй тұрғындарын басқа бөлмеге шығару қаж...

    ·
    Сұрақ

    Жәндіктердің шағуынан қалай сақтануға болады?

    Жауап

    Көптен күткен жылу келді және қыста ұмытылған көптеген ойын-сауық пен демалыс түрлерін әкелді. Бірақ, өкінішке орай, ашық ауада уақыт өткізу тек жағымды сезімдер әкелмейді. Кенені көктемде және жазда табиғатта, әсіресе орманда «ілестіру»қаупі көпшілікке белгілі. Кенелер үнемі аур...

    ·
    Сұрақ

    Жаңа жылдық тәттіні қалай таңдауға болады?

    Жауап

    Жаңа жыл қарсаңында барлығы, әсіресе балалар сыйлықтарды асыға күтеді. Осы орайда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Солтүстік Қазақ...

    ·
    Сұрақ

    Су тасқыны кезінде және одан кейін өзіңізді аурулардан қорғау үшін қандай шараларды қолдану керек?

    Жауап

    Су тасқыны алдындағы кезеңде және су тасқыны кезінде жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында халыққа кеңес береміз: Су тасқыны алдындағы кезеңде:1) қар ерігеннен кейін аумақты жиналған қоқыстардан тазартуды, қазылған шұңқырлар мен аула дәретханаларын тазалауды және зарарсыздандыр...

    ·
    Сұрақ

    Егер көп қабатты тұрғын үйдің жертөлелерінде жәндіктер мен кеміргіштер пайда болса, қандай шаралар қолдануға болады?

    Жауап

    Жертөле үй-жайларында жәндіктер мен кеміргіштер табылған жағдайда тұрғылықты жері бойынша ось, ПИК, ЖШС, ӨК және т.б. жүгіну қажет, өйткені сіздің үйіңіз кәсіптік дезинфекциялық ұйымдармен шарттық негізде дезинсекциялық және дератизациялық іс-шараларды жүргізуге міндетті. Жеке пә...

    ·
    Сұрақ

    Егер азық-түлік дүкенінің желдету жүйесіндегі шу түнде ұйықтауға кедергі келтірсе ше?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін негіздердің бірі-нақты негіздер мен растайтын дәлелдер болған кезде ҚР заңнамасының талаптарын бұзу бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері болып т...

    ·
    Сұрақ

    Сәйкес келмейтін өнімдердің (тауарлардың) тізілімі дегеніміз не?

    Жауап

    Тұтынушыларжалған және Сәйкес келмейтін өнімдер туралы ақпараттыіздеу үшін сәйкес келмейтін өнімдердің (тауарлардың) тізілімін пайдалана алады. Сәйкес келмейтін өнімдердің (тауарлар) тізілімі қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Сәйкес келмейтін өнімдердің (тауарлардың) тізілі...

    ·
    Сұрақ

    Жеке медициналық кітапшаның болуы кімге қажет?

    Жауап

    Қызметкерлерге жеке медициналық кітапшаның болуы талап етілетін жұмыстардың 16 санаты анықталды. қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмыскерлері, өнеркәсіп және азық-түлік саудасы объектілерінің жұмыскерлері азық-түлік тауарларын тасымалдаумен айналысатын адамдар крем-кондитерл...

    ·