Электрондық Апостиль қызметін қалай алуға болады?
- Порталда авторизациядан өтіп «Онлайн сұратым» батырмасын басыңыз.
- Өтінішті толтырыңыз және ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қойыңыз.
- Апостильденетін құжаттың скан-көшірмесін (құжат көшермесін сканерлеуге жол берілмейді) тіркеу қажет. Сканерленген құжат түпнұсқамен бірдей болу керек, мәтінді өшіріп, түзетулер енгізуге жол берілмейді.
- «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы «Төлеу» батырмасын басып төлемақы жасау қажет.
- Төлемақы өткеннен кейін жеке кабинеттің «Қызмет алу тарихы» бөлімінде Сіздің өтінішіңіздің өңделіп, электронды апостиль мөрінің қойылғандығы туралы хабарлама немесе дәлелді бас тарту келеді.
- Апостиль мөрінің астында мемлекеттік органның электрондық парақшасының мекенжайына сілтеме орналасқан. Шет елдің құзыретті органы https :// egov.kz/ cms / kk /services/apostil/apostil сілтемесі арқылы тексере алады.
- Онлайн қызметтің бұл түрін алар алдында, «апостиль» электронды мөрінің сол шет мемлекетінің қабылдайтынын/қабылдамайтынын алдын-ала біліп алу қажет екенін ескертеміз