Борышкердің мүлкін өткізу кезектілігінің тәртібі қандай?

    ·
    Сұрақ

    Борышкердің мүлкін өткізу кезектілігінің тәртібі қандай?

    Жауап

    Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы занының 72-бабына сәйкес жеке тұлғаның мүлкiне өндiрiп алуды қолдану кезiнде осы мүлiктi өткізу мынадай кезектілікпен жүзеге асырылады:

    1) бірінші кезекте – бірінші кезектегі қажетті заттар болып табылмайтын мүлік, бағалы қағаздар, валюталық құндылықтар, бағалы металдар мен асыл тастар, зергерлік бұйымдар, декор және жайластыру заттары;

    2) екінші кезекте – көлік құралдары, жылжымайтын мүлік (тұрғынжайдан басқа);

    3) үшінші кезекте – тұрғынжай.

    1. Заңды тұлғаның мүлкіне өндіріп алуды қолданған кезде осы мүлікті өткізу мынадай кезектілікпен жүзеге асырылады:

    1) бірінші кезекте – тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындауға немесе қызметтерді көрсетуге тікелей қатысы жоқ жылжымалы мүлік, оның ішінде дайын өнім (тауарлар), бағалы қағаздар, валюталық құндылықтар, бағалы металдар мен асыл тастар, зергерлік бұйымдар, декор және жайластыру заттары;

    2) екінші кезекте – тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындауға немесе қызметтерді көрсетуге тікелей қатысы жоқ жылжымайтын мүлік;

    3) үшінші кезекте – тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындауға немесе қызметтерді көрсетуге тікелей пайдаланылатын мүлік: өндірістік мақсаттағы жылжымайтын мүлік объектілері, шикізат, материалдар, станоктар, жабдықтар және басқа да негізгі құралдар.

    1. Осы баптың ережелері кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаның мүлкін өткізу кезінде оның жеке мүлкі мен кәсіпкерлік қызметте пайдаланатын мүлкі бойынша да қолданылады.
    2. Өндіріп алуды қолданудың нысанасы – борышкер кепіл немесе міндеттемені қамтамасыз ету ретінде берген мүлік болған, не тыйым салынған мүлікті кезектілік тәртібімен өткізу атқарушылық құжат талаптарының толық орындалуына әкелмейтін немесе осы Заңда белгіленген орындау мерзімдерін ұлғайтатын жағдайда, мүлікті өткізу кезектілігі өзгертілуі мүмкін. Сот орындаушысы аталған мән-жайды борышкердің мүлкін өткізуге беру туралы қаулыда көрсетеді, оған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Азаматтардың қандай санаты мемлекет кепілдік берген заң көмегін ала алады?

    Жауап

    Алимент өндіру, зейнетақы және жәрдемақы тағайындау, босқын немесе оралман мәртебесін алу мәселелері бойынша барлық жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ әкімшілік жауаптылыққа тартылатын, талап қоюшы азаматтық сот ісін жүргізетін, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке то...

    ·
    Сұрақ

    Мемлекет кепілдік берген заң көмегін кім жүзеге асырады?

    Жауап

    Өз құзыреті шегінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін мемлекеттік органдар, нотариустар, жеке сот орындаушылары өтеусіз негізде көрсетеді. Сондай-ақ, өтеусіз негізде көрсетілетін және төлемді мемлекет бюджет қаражаты есебінен өтейтін адвокаттар.

    ·
    Сұрақ

    Электрондық Апостиль қызметін қалай алуға болады?

    Жауап

    Порталда авторизациядан өтіп «Онлайн сұратым» батырмасын басыңыз. Өтінішті толтырыңыз және ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қойыңыз. Апостильденетін құжаттың скан-көшірмесін (құжат көшермесін сканерлеуге жол берілмейді) тіркеу қажет. Сканерленген құжат түпнұсқамен бірде...

    ·
    Сұрақ

    Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүргізу үшін заңмен қандай мерзім белгіленген ?

    Жауап

    Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (осындай құқықтардың ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу тіркеуші органға өтініш түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізілуге тиіс. Электрондық тіркеу құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркег...

    ·
    Сұрақ

    Алимент бойынша берешек қалай анықталады ?

    Жауап

    "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" ҚР Заңының (бұдан әрі-заң) 99-бабына сәйкес алимент бойынша берешек мөлшерін сот орындаушысы өндіріп алу жүргізілмеген уақыт ішінде борышкер алатын нақты жалақыға (кіріске) сүйене отырып, шешімнің орындалатын жер...

    ·
    Сұрақ

    Азаматтардың қандай санаты мемлекет кепілдік берген заң көмегін ала алады?

    Жауап

    Алимент өндіру, зейнетақы және жәрдемақы тағайындау, босқын немесе оралман мәртебесін алу мәселелері бойынша барлық жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ әкімшілік жауаптылыққа тартылатын, талап қоюшы азаматтық сот ісін жүргізетін, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке то...

    ·
    Сұрақ

    Борышкерлерді Бірыңғай тізілімнен шығару рәсімі қалай жүргізіледі?

    Жауап

    "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы "ҚР Заңының (бұдан әрі-заң) 36-бабының талабына сәйкес борышкерді ҚР борышкерлерінің бірыңғай тізілімінен шығару Заңның 47-бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін және мерзім...

    ·