Нормашығармашылық cұрақтар бойынша

    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

    Сұрақ

    Нормашығармашылық cұрақтар бойынша

    Жауап

    ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР

    Қызмет бағыты

    Сұрақ

    Жауап

    1.

    Нормашығармашылық

    Егер нормативтік-құқықтық актіде қандай да бір тыйым салу нормасы сипатталмаса немесе белгіленбесе, ол рұқсат болып саналады ма?

    Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында «тыйым салынбағанның бәрі рұқсат етіледі» қағидатын заңнамалық тұрғыдан бекітетін құқық нормалары немесе нормативтік құқықтық актілер жоқ.

    Бұл қағида мемлекет пен құқықтың жалпы теориясында көрсетілген.

    Өз кезегінде, қолданыстағы заңнаманы талдай отырып, Конституцияның 39-бабының 1-тармағында адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін мүмкін екенін белгілейтінін атап өткен жөн.

    Сонымен қатар, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің (ҚР 2005 жылғы 28 қарашадағы № 91 Заңымен ратификацияланған) ережелеріне шектеулер мен ауытқуларды түсіндірудің Сиракуз қағидаттарының ережелерінде Пактіде танылатын құқықтардың барлық шектеулері ұлттық заңға сәйкес бекітілуге тиіс деп көзделген. Шектеулерді өз бетінше қолдануға жол берілмейді (5 және 7-тармақтар).

    Осылайша, нормативтік құқықтық актілерде бекітілмеген шектеулерді заңды деп санауға болмайды, өйткені олардың заңды негіздері жоқ.

    2.

    Әкімшілік құқық

    Лауазымды адамдардың өтінішке жауап бермегені үшін жауаптылығы?

    Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің (бұдан әрі - Кодекс) 174-бабында Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасын және Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келетіні белгіленген.

    Осыған байланысты, әкімшілік рәсімді жүргізу кезінде (өтінішті қарау) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жағдайда, тиісті тұлғалар Қылмыстық кодекстің және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (бұдан әрі - ӘҚБтК) ережелеріне сәйкес тиісті жауапкершілікке тартылуға тиіс екенін хабарлаймыз.

    Бұдан басқа, Кодекстің 76-бабының төртінші бөлігінде Шешім қабылдауға уәкілеттік берілген адам әкімшілік рәсім мерзімін негізсіз ұзартқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік және өзге де жауаптылықта болатыны регламенттелген.

    Сонымен қатар, әкімшілік актіні шығару мерзімін өткізіп алу (өтінішті немесе шағымды қарау кезінде) заңсыз әкімшілік актінің күшін жоюға, егер өтінішті қарау мерзімін бұзу дұрыс емес әкімшілік актіні қабылдауға әкеп соқтырған немесе әкеп соқтырған жағдайда ғана себеп болуы мүмкін екенін атап өтеміз (Кодекстің 84-бабының бірінші бөлігі).

    Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі мәселесі әкімшілік рәсімдерді жүргізу кезінде реттелген.

    Бұл мәселені қарастырған кезде келесілерге назар аударайық.

    Егер өтініш берушінің өтінішін немесе шағымын қарау кезінде әкімшілік орган, лауазымды адам осы Кодексте белгіленген мерзімдерде әкімшілік актіні қабылдамаса, әкімшілік іс-әрекет жасамаса, онда мерзімдер өткен күннен бастап әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік актіні қабылдаудан, әкімшілік іс-әрекет жасаудан бас тартты деп есептеледі.

    Осылайша, Кодекстің 91-бабының бірінші бөлігіне сәйкес Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен әкімшілік актіні қабылдауға байланысты емес әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасауға құқылы.

    Шағымдану тәртібі Кодекстің 13 – тарауымен «Шағым жасау тәртібі. Шағым беру» регламенттелген. Бұл ретте шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.

    Осыған байланысты, егер мемлекеттік орган немесе лауазымды адам Сіздің өтінішіңізге немесе шағымыңызға жауап бермесе, Сіз осы әрекетсіздікке шағымдануға құқылысыз.

    Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерін 5 немесе 10 күнге дейін қысқартуға мүмкін бе?

    Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақылға қонымды мерзімге екі айға дейін ұзарту мүмкіндігімен (әкімшілік орган басшысының немесе оның орынбасарының уәжді шешімі бойынша) жолданым негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің жалпы мерзімі жолданым келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайды (Кодекстің 76-бабы).

    Бұл ретте әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) «шағымды» қарау мерзімі шағым келіп түскен күннен бастап 20 жұмыс күнін құрайды (Кодекстің 99-бабы) және ұзартуға жатпайды.

    Сонымен қатар, Кодекстің 87-бабының екінші бөлігіне сәйкес оңайлатылған әкімшілік рәсімді мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға және олардың лауазымды адамдары Кодекстің «Әкімшілік рәсім» 3-бөлімінде белгіленген тәртіппен, Кодекстің «Оңайтылған әкімшілік рәсім» 12-тарауында белгіленген ерекшеліктермен жүзеге асырады.

    Осылайша, «Хабарламаларды, ұсыныстарды, жауаптар мен сұрауларды» қарау кезінде мерзімдерді есептеу Кодекстің 76-бабының ережелерін ескере отырып жүзеге асырылады.

    Сонымен қатар, Сіздің назарыңызды Кодекстің 1-бабының ережелеріне аударамыз. Мәселен, қарастырылып отырған баптың екінші бөлігінде Кодекстің әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды ҚР заңдарымен реттелмеген бөлігінде реттейтіні бекітілген.

    Сонымен қатар, бұрын аталғандай, ҚР заңдарында өтініштерді қараудың өзге мерзімі көзделуі мүмкін.

    Мысалы, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңға (бұдан әрі - Заң) сәйкес сұрау салу деп ақпарат иеленушіге осы Заңда белгіленген тәртіппен айтылған немесе жіберілген, ауызша немесе жазбаша нысандағы, оның ішінде электрондық құжат түріндегі ақпарат беру туралы өтініш түсініледі.

    Өз кезегінде, жазбаша сұрау салуға жауап (жоғарыда аталған Заң шеңберінде) ақпарат иеленушіге сұрау салу келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде беріледі (Заңның 11-бабының 10-тармағы).

    Осылайша, сұрау салуды қарау мерзімі (жоғарыда аталған Заңда көзделген) Кодексте белгіленгеннен қысқа мерзімді құрайды.

    Сонымен қатар, мемлекеттік (әкімшілік) органның әкімшілік істі дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін шаралар қабылдау міндеті бар екенін атап өткен жөн (Кодекстің 72-бабының бірінші бөлігі).

    Сонымен қатар, жоғарыда айтылғандай, әкімшілік рәсімнің мерзімі ұзартылуы мүмкін (Кодекстің 76-бабының үшінші бөлігі).

    Мысалы, өтініш беруші өзіне ғана белгілі фактілер немесе оның иелігіндегі құжаттар туралы қосымша ақпарат беруі керек жағдайлар бар. Немесе қажет болған жағдайда мемлекеттік орган қажетті ақпаратты алу үшін сұрау салуды басқа органға жібере алады.

    Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, өтініштерді қараудың жалпы мерзімі (Кодексте белгіленген) өтініштерді қарау кезінде әкімшілік рәсімді жүзеге асыру кезінде қажетті іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін жеткілікті деп есептейміз, ал оны 5 немесе 10 күнге дейін қысқарту теріс салдарға әкеп соғуы мүмкін.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі

    Жауап

    № Жиі қойылатын сұрақтар Жауап Сараптама қызметі 1. Сарапшы қорытындысының көшірмесін қалай алуға болады? Іс жүргізу заңнамасына және Қазақстан Республикасының тиісті «Сот-сараптама қызметі туралы» Заңына сәйкес сот сарапшысы сот сараптамасын жүргізуді ұйымдастыруға байланысты өз...

    Сұрақ

    Сот сараптама

    Жауап

    № Сұрақ Жауап 1 Сот сарапшысы қалай болуға болады? Сарапшының сот сараптамасының белгілі бір түрі саласында жоғары білімі және арнайы ғылыми білімі болуға тиіс. Заңда, сот сараптамасы органдарының қызметкерлері мен лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын жеке тұлғ...

    Сұрақ

    Зияткерлік меншік

    Жауап

    1. Зияткерлік меншік Тауар белгісін қалай тіркеуге болады? Тауар белгісін тіркеу үшін өтінімді ресімдеп, оны ҚР ӘМ ЗМҚК "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі мәтін бойынша - "ҰЗМИ" РМК) беру қажет. Тау...