Нотариат мәселелері бойынша

    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

    Сұрақ

    Нотариат мәселелері бойынша

    Жауап

    Жиі қойылатын сұрақтар

    Қызмет бағыты

    Сұрақ

    Жауап

    1

    Нотариат

    Қазақстан Республикасында кім нотариус бола алады?

    Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, жасы жиырма беске толған, жоғары заң білімі, заңгер мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар, нотариуста кемінде бір жыл мерзіммен тағылымдамадан, әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған Қазақстан Республикасының азаматы нотариус бола алады.Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен қызмет атқаратын әкімшілік мемлекеттік қызметші мемлекеттік нотариус болып табылады. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алуды қоспағанда, мемлекеттік нотариусқа осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптар қолданылады. Заңда белгіленген тәртіппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған, белгiленген тәртіппен іс-әрекет жасауға қабiлетсіз не iс-әрекет жасауға қабілеттілігі шектеулi деп танылған адам нотариус бола алмайды. Мыналар: Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған адам осындай оқиғалар басталғаннан кейін үш жыл бойы; теріс себептер бойынша мемлекеттік, әскери қызметтен, прокуратура органдарынан, өзге де құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан шығарылған, сондай-ақ судья лауазымынан босатылған адам шығарылған (босатылған) күннен бастап бір жыл бойы; әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адам осындай оқиғалар басталғаннан кейін үш жыл бойы; нотариаттық әрекет жасау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына жол бергені үшін мемлекеттік нотариус лауазымынан шығарылған адам; нотариаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиядан айырылған адам; егер шығарылған күнінен бастап үш жылдан аз уақыт өтсе, теріс себептер бойынша заң консультанттары палатасының тізілімінен шығарылған адам да нотариус бола алмайды. 2. Жекеше және мемлекеттiк нотариустардың нотариаттық қызметтi жүзеге асырған кездегi құқықтары, мiндеттері тең болады. Олар ресiмдеген құжаттардың бiрдей заң күшi болады. 3. Осы баптың 1-тармағында көзделген лицензиясы жоқ адамдардың (мемлекеттік нотариусты және осы Заңның 1-бабындағы 2-тармақтың 2), 3) тармақшаларында аталған адамдарды қоспағанда) нотариаттық iс-әрекеттер жасауы, не нотариат туралы заңдардың өзге де талаптарын бұзып жасауы және сол iс-әрекеттерден табыс табуы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болуға әкеп соғады. 4. Аумақтық әділет органы мемлекеттік нотариустың нотариаттық iс-әрекеттері үшін мүліктік жауапкершілікте болады (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155 «Нотариат туралы» Заңының 6-бабы).

    2

    Нотариат

    Жеке практикамен айналысатын нотариус ретінде кім танылады?

    Заңды тұлға құрмай, лицензия негiзiнде нотариаттық қызметті жүзеге асыратын, нотариаттық іс-әрекеттер жасау нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандырған, нотариаттық палатаға мүше болған азамат жеке практикамен айналысатын нотариус деп танылады. Жеке практикамен айналысатын нотариус банк мекемелерiнде ағымдағы шоттар ашуға, еңбек заңдарына сәйкес көмекшiлер, техникалық қызметкерлер жалдап, оларды жұмыстан босатуға, нотариаттық iс-әрекеттер жасаудан алынған табысқа билiк етуге, соттарда өз атынан сөз сөйлеуге және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да iс-әрекеттер жасауға құқылы. Жеке практикамен айналысатын нотариустың жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкiлдерiнiң еркiн кiрiп-шығуына, нотариаттық құпияны сақтауға және нотариаттық iс жүргiзудiң сақталуын қамтамасыз ету үшiн жағдай жасауға жарамды бір үй-жайы болуға тиiс. Нотариус нотариаттық палатаның мүшелігіне кірген күннен бастап бір ай ішінде аумақтық әділет органына өзінің үй-жайының орналасқан жерін көрсете отырып, нотариаттық қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама жіберуге міндетті. Нотариус нотариаттық қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабардар еткен немесе нотариустың үй-жайының орналасқан жерін оған белгіленіп берілген аумақ шегінде өзгерту туралы оның өтініші келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органы осы үй-жайдың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізуге міндетті. Нотариус нотариаттық қызметті жүзеге асыруды тоқтату туралы хабарламаны аумақтық нотариаттық палатаға жібергенге дейін сақтауындағы барлық нотариаттық құжаттарды басқа нотариусқа немесе жекеше нотариаттық мұрағатқа беруге, жекеше нотариустың мөрін аумақтық нотариаттық палатаға тапсыруға міндетті. Олар осы баптың 4-тармағының талаптарын сақтаған жағдайда бір үй-жайда бір немесе бірнеше нотариус жұмыс істей алады (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155 «Нотариат туралы» Заңының 15-бабы).

    3

    Нотариат

    Нотариус өз қызметін сақтандыруы керек пе?

    Жекеше нотариус осы Заңның 34-бабының 1-тармағында көзделген нотариаттық әрекеттер жасау нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру шартын жасасуға мiндеттi және оның мұндай шарт болмағанда нотариаттық iс-әрекеттер жасауға кiрiсуге құқығы жоқ. Нотариустың нотариаттық iс-әрекеттер жасауы нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандырудың тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155 «Нотариат туралы» Заңының 15-бабы).

    4

    Нотариат

    Нотариустың негізгі құқықтарына не кіреді?

    Нотариус: 1) өзiне жүгiнген жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiне сәйкес осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнде көзделген нотариаттық iс-әрекеттер жасауға; 2) консультация беруді жүзеге асыруға; 3) құжаттардың көшiрмелерiн және олардың үзiндiлерiн әзiрлеуге; 5) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардан нотариаттық iс-әрекеттер жасауға қажеттi құжаттар мен мәлiметтер талап етуге; 6) ғылыми, педагогтiк және шығармашылық қызметпен айналысуға; 8) татуластыру рәсімдерін жүргізуге; 9) төрелік талқылауда төреші болып сайлануға (тағайындалуға); 10) бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы тиісті мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен мәліметтер алуға құқылы (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155 «Нотариат туралы» Заңының 17-бабы).

    5

    Нотариат

    Нотариус кеңес бере алады ма?

    Нотариустың жеке және заңды тұлғаларға: 1) нотариаттық әрекеттер жасауға тікелей байланысты емес құқықтық сипаттағы ауызша және жазбаша консультациялар жүргізу; 2) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес мәмілелер жобаларын, өтініштер мен басқа да құжаттарды жасау нысанында өтеулі негізде заң көмегін көрсетуі консультация беру болып табылады (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155 «Нотариат туралы» Заңының 17-бабы).

    6

    Нотариат

    Нотариустың негізгі міндеттеріне не кіреді?

    Нотариус: 1) осы Заңның, «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасының нотариат қызметiн реттейтiн басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес нотариаттық әрекеттер, сондай-ақ электрондық тіркеуге байланысты әрекеттер жасауға; 2) азаматтарға және заңды тұлғаларға құқықтар мен мiндеттердi түсiндiруге, олардың заңды бiлмегендiгi өздерiне зиян келтiруге пайдаланылуы мүмкiн болмауы үшiн, жасалған нотариаттық iс-әрекеттерiнiң салдарлары жөнiнде ескертуге; 3) кәсiптiк қызметiн жүзеге асыруға байланысты өзiне белгiлi болған мәлiметтердi құпия ұстауға; 3-1) жасалған нотариаттық әрекеттер туралы мәліметтерді және осы Заңда көзделген өзге де мәліметтерді бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге уақтылы енгізуге; 3-2) бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйемен жұмыс істеу кезінде Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасының талаптарын сақтауға; 4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмейтiн жағдайда нотариаттық iс-әрекеттер жасаудан бас тартуға; 5) кәсiптiк әдептi сақтауға; 6) әдiлет органына және (немесе) нотариаттық палатаға өз iс-әрекеттерiне түскен шағымдар бойынша өзi жасаған нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер, өзге құжаттар, ал қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктемелер, оның iшiнде кәсiптiк әдеп талаптарын сақтамау мәселелерi жөнiнде түсiнiктемелер беруге; 7) өз лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда Қағидаларда көзделген тәртіппен іс жүргізуіндегі құжаттарды басқа нотариусқа беруге; 7-1) мөрін лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған кезеңде – аумақтық әділет органына, лицензияның қолданысы тоқтатылған жағдайда аумақтық нотариаттық палатаға тапсыруға; 8) өз лицензиясының қолданылуы осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 1), 2), 4), 4-1) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған жағдайларда, сақтауындағы барлық нотариаттық құжаттарды жекеше нотариаттық мұрағатқа беруге; 9) өз тегінің, атының, әкесінің атының және өз үй-жайы орналасқан жерінің өзгеруі жөніндегі мәліметтерді бір ай ішінде аумақтық әділет органына ұсынуға; 10) бір ай бойы нотариаттық қызметті жүзеге асырмаған жағдайда, бес жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына және нотариаттық палатаға хабарлауға; 10) жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары жөніндегі мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде ұсынуға міндетті. Бұл ретте көрсетілген мәліметтерді ұсыну нотариаттық әрекеттер құпиясын жария ету болып табылмайды; 11) кәсіби біліктілігін арттыруға міндетті (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155 «Нотариат туралы» Заңының 18-бабы).

    7

    Нотариат

    Нотариус қызметіне заңда қандай шектеулер көзделген?

    Нотариустың: 1) кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға; 2) шарттарды жасасу, өзгерту және бұзу кезiнде делдалдық қызмет көрсетуге; 3) өкiлдi органға депутат болып сайланған жағдайда нотариус мiндеттерiн орындауға; 4) жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасамай өз міндеттерін орындауға; 5) нотариустың мөрін оның лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңге аумақтық әділет органына тапсыруын қоспағанда, факсимилені пайдалануға және мөрін, электрондық цифрлық қолтаңбасын басқа адамға беруге; 6) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, өзінің үй-жайынан тысқары жерде қызметін жүзеге асыруға құқығы жоқ. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, жеке практикамен айналысатын нотариустың жалдама қызметкер ретiнде еңбек қатынастарында болуға құқығы жоқ (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155 «Нотариат туралы» Заңының 19-бабы).

    8

    Нотариат

    Нотариаттық палатаның негізгі функциялары мен міндеттеріне не кіреді?

    Нотариаттық палата жекеше практикамен айналысатын нотариустардың құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру және қорғау үшін, сондай-ақ жекеше нотариустардың Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасын, кәсіби және әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз ету үшін құрылатын коммерциялық емес кәсіби өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады. Нотариаттық палатаның қызметi осы Заңмен және жарғымен реттеледi. Нотариаттық палата заңды тұлға болып табылады және заңда белгiленген тәртiппен тiркелуге тиiс. Қазақстан Республикасының әрбiр облысы, республикалық маңызы бар қалалары мен астанасы аумағында бiр нотариаттық палата құрылады. Республикалық нотариаттық палата аумақтық нотариаттық палаталардың міндетті мүшелігіне негізделген, оларды біріктіретін, коммерциялық емес кәсiптiк өзiн-өзi қаржыландыратын ұйым болып табылады. Осы Заңның 6-бабының талаптарына адамның сәйкес келмеген жағдайларынан басқа, нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиясы бар адамды нотариаттық палатаға мүше етуден бас тартуға болмайды. Нотариаттық палаталардың кіру жарнасын алуына жол берілмейді (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155 «Нотариат туралы» Заңының 26-бабы).

    9

    Нотариат

    Нотариаттық палатаның жоғары басқару органы дегеніміз не?

    Нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысы нотариаттық палатаның жоғары басқару органы болып табылады. Жалпы жиналыстың айрықша құзыретіне: 1) нотариаттық палатаның жарғысын қабылдау, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу; 2) нотариаттық палатаның төрағасын, басқарманың, ревизиялық және тәртіптік комиссиялардың мүшелерiн сайлау және олардың өкілеттіктерін тоқтату; 3) нотариаттық палата қызметінің негізгі бағыттарын айқындау; 3-1) нотариаттық палата органдарының қызметі туралы есептерді бекіту; 3-2) нотариаттық палатаның қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есепті бекіту; 4) нотариаттық палатаның бюджетін бекіту жатады. Нотариаттық палатаның жарғысында шешімдер қабылдау бойынша жалпы жиналыстың айрықша құзыретіне жатқызылған өзге де мәселелер көзделуі мүмкін. Нотариаттық палатаға басшылықты нотариаттық палата мүшелерiнiң жалпы жиналысында сайланған нотариаттық палатаның басқармасы мен төрағасы жүзеге асырады. Басқарма мүшелері төрт жыл мерзімге жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Құрамына кемінде бес адам кіретін басқарма нотариаттық палатаның басқару органы болып табылады. Нотариаттық палата мүшелерінің жиналысын шақыру тәртібі мен мерзімі, сондай-ақ нотариаттық палатаның төрағасы мен басқару органдарының өкілеттіктері нотариаттық палатаның жарғысында айқындалады (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155 «Нотариат туралы» Заңының 26-1-бабы).

    10

    Нотариат

    Нотариаттық палатаның төрағасы болып кім сайлана алады?

    Нотариаттық палатаның төрағасы болып оны сайлаған күнге дейін тікелей кемінде бес жыл нотариаттық палатаның мүшесі болған нотариус сайланады. Нотариаттық палатаның төрағасы жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайланады. Бұл ретте сол бір адам қатарынан екі мерзімнен артық нотариаттық палатаның төрағасы лауазымын атқара алмайды. Нотариаттық палатаның төрағасы: 1) нотариаттық палатаның жұмысын ұйымдастырады, нотариаттық палатаға жүктелген міндеттердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады; 2) нотариаттық палатаның жұмысына басшылық жасайды, нотариаттық палатаның қызметкерлерін жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады; 3) мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерде, басқа да ұйымдарда нотариаттық палатаның мүддесін білдіреді; 4) нотариаттық палата жарғысында көзделген, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155 «Нотариат туралы» Заңының 26-2-бабы).

    11

    Нотариат

    Нотариаттық палатаның өкілеттігіне не кіреді?

    Нотариаттық палата:1) жекеше нотариустерге жалпы басшылық жасап, олардың қызметiн үйлестiрiп отырады; 2) мемлекеттiк органдарда, мемлекеттiк емес ұйымдарда өз мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiредi және қорғайды, нотариаттық iстi дамытуда оларға көмек көрсетiп, жәрдем бередi; 3) жекеше нотариустардың Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасын, кәсіби және әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді; 3-1) жекеше нотариустардың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауы бойынша жұмысты ұйымдастырады; 3-2) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде Республикалық нотариаттық палатаға жыл сайын осындай ақпарат бере отырып, Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану практикасын жинақтап қорытады және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді; 4) жекеше нотариустың лицензиясының күшiн тоқтата тұру, керi қайтарып алу және тоқтату туралы ұсыныс енгiзедi; 5) нотариаттық iс-әрекет жасау нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыруды ұйымдастырады; 5-1) жекеше нотариустардың өздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы және жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасы заңдарының өзге де талаптарын бұзу жағдайлары туралы аумақтық әділет органдарын хабардар етеді; 6) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың тағылымдамадан өтуін ұйымдастырады; 7) өз мүшелерiнiң қызметiне байланысты iстер бойынша сот белгiлеген сараптама шығындарын өтейдi (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155 «Нотариат туралы» Заңының 27-бабы).

    12

    Нотариат

    Нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін төлем қандай?

    Жекеше нотариус нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде техникалық және құқықтық сипаттағы қосымша қызметтер көрсеткені үшін осы бапта көзделген мөлшерде мынадай төлемақы алады: 1) қалалық жерлердегі жылжымайтын мүлікті (жер учаскелерін, тұрғын үйлерді, пәтерлерді, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлікті) иеліктен шығару туралы шарттарды куәландырған кезде: егер тараптардың бірі заңды тұлға болып табылса – 7 айлық есептік көрсеткіш; балаларына, жұбайына, ата-аналарына, туған аға-інілері мен апа-қарындастарына, сіңлілеріне, немерелеріне – 2 айлық есептік көрсеткіш; басқа адамдарға – 5 айлық есептік көрсеткіш; егер мәміле жылжымайтын мүлікті ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша алынған қаражат есебінен сатып алу мақсатында жасалатын болса – 2 айлық есептік көрсеткіш; 2) ауылдық жерлердегі жылжымайтын мүлікті (жер учаскелерін, тұрғын үйлерді, пәтерлерді, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлікті) иеліктен шығару туралы шарттарды куәландырған кезде: егер тараптардың бірі заңды тұлға болып табылса – 2 айлық есептік көрсеткіш; балаларына, жұбайына, ата-аналарына, туған аға-інілері мен апа-қарындастарына, сіңлілеріне, немерелеріне – 1 айлық есептік көрсеткіш; басқа адамдарға – 2 айлық есептік көрсеткіш; 3) автомотокөлік құралдарын иеліктен шығару туралы шарттарды куәландырған кезде: егер тараптардың бірі заңды тұлға болып табылса – 5 айлық есептік көрсеткіш; балаларына, жұбайына, ата-аналарына, туған аға-інілері мен апа-қарындастарына, сіңлілеріне, немерелеріне – 2 айлық есептік көрсеткіш; басқа адамдарға – 5 айлық есептік көрсеткіш; 4) жалға беру, заем (ипотекалық тұрғын үй заемы шартын қоспағанда), кепілақы, лизинг, мердігерлік шарттарын, неке келісімшарттарын, ортақ меншіктегі мүлікті бөлу, мұрагерлік мүлікті бөлу шарттарын, алименттерді төлеу жөніндегі келісімдерді, құрылтай шарттарын куәландырған кезде – 5 айлық есептік көрсеткіш; 5) ипотекалық тұрғын үй заемы шарттарын куәландырған кезде – 2 айлық есептік көрсеткіш; 6) өсиеттерді куәландырған кезде – 2 айлық есептік көрсеткіш; 6-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында міндетті нотариаттық куәландыру көзделген келісулерді куәландырған кезде – 1 айлық есептік көрсеткіш; 7) мұрагерлікке құқық туралы куәлікті бергені үшін – берілген әрбір куәлік үшін 3 айлық есептік көрсеткіш; 8) ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлеске және бірлескен ортақ меншік құқығында мүлкі бар өзге де адамдардың меншік құқығы туралы куәлікті берген кезде – 4 айлық есептік көрсеткіш; 9) мүлікті пайдалану және иелік ету құқығына сенімхаттарды куәландырған кезде – 2 айлық есептік көрсеткіш; 10) сату құқығынсыз автокөлік құралдарын пайдалану және басқару құқығына сенімхаттарды куәландырған кезде – 1 айлық есептік көрсеткіш; 11) автокөлік құралдарын сатуға, сыйға тартуға, айырбастауға сенімхаттарды куәландырған кезде – 2 айлық есептік көрсеткіш; 12) басқа сенімхаттарды куәландырған кезде: жеке тұлғалар үшін – 1 айлық есептік көрсеткіш; заңды тұлғалар үшін – 2 айлық есептік көрсеткіш (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155 «Нотариат туралы» Заңының 30-1-бабы).

    13

    Нотариат

    Нотариустың кеңесі үшін қандай төлем қарастырылған?

    Консультация беруді жүзеге асыру үшін нотариустың көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу 1 айлық есептік көрсеткішті құрайды (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155 «Нотариат туралы» заңының 30-1-бабының 3-тармағы). Нотариустың жеке және заңды тұлғаларға: нотариаттық әрекеттер жасауға тікелей байланысты емес құқықтық сипаттағы ауызша және жазбаша консультациялар жүргізу, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес мәмілелер жобаларын, өтініштер мен басқа да құжаттарды жасау нысанында өтеулі негізде заң көмегін көрсетуі консультация беру болып (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155 «Нотариат туралы» Заңының 17-1-бабы).

    14

    Нотариат

    Нотариус нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тарта алады ма?

    Егер: мұндай iс-әрекет жасау заңдарға қайшы келсе, iс-әрекеттi басқа нотариус жасауға тиiс болса, нотариаттық iс-әрекет жасау жөнiнде қабiлетсiз азамат немесе қажеттi өкiлеттiгi жоқ өкіл өтiнiш жасаса, заңды тұлға атынан жасалатын мәмiле оның жарғысында немесе ережесiнде көрсетiлген мақсаттарға қайшы келсе, мәмiле заңдар талаптарына сәйкес келмесе, нотариаттық iс-әрекет жасау үшiн табыс етiлген құжаттар заң талаптарына сәйкес келмесе, нотариаттық iс-әрекет жасаудан бас тартылады. Нотариаттық iс-әрекет жасауды өтiнген адамға нотариаттық iс-әрекет жасаудан бас тартылған кезде, нотариус нотариаттық iс-әрекет жасауға ол өтiнiш берген күннен бастап күнтізбелік он күн iшiнде жазбаша түрде бас тартудың себебi көрсетiлген дәлелдi қаулыны бередi. Нотариаттық iс-әрекет жасаудан бас тартуға немесе нотариаттық iс-әрекеттiң дұрыс жасалмағаны үшiн сот тәртiбiмен шағымдануға болады (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155 «Нотариат туралы» Заңының 48-бабы).

    15

    Нотариат

    Жеке нотариусқа төлем жасаудан кім босатылады?

    Нотариаттық әрекеттер жасаған кезде мемлекеттік баж төлеуден мыналар босатылады: жеке тұлғалар - өздерiнің мүлiктi мемлекет пайдасына сыйға тарту өсиеттерiн, шарттарын куәландырғаны үшiн; мемлекеттiк мекемелер - оларға мемлекеттің мұраға құқығы туралы куәлiктердi (куәлiктердiң телнұсқаларын) бергенi үшiн, сондай-ақ осы куәлiктердi (куәлiктердiң телнұсқаларын) алу үшiн қажеттi барлық құжаттар үшiн; жеке тұлғалар - оларға: Қазақстан Республикасын қорғау кезiнде, өзге де мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi орындауға байланысты не адам өмiрiн құтқарып қалу, мемлекеттiк меншiктi және құқықтық тәртiптi қорғау жөнiндегi Қазақстан Республикасы азаматының борышын орындауға байланысты қаза тапқан адамдардың мүлкiне; егер мұрагер мұра қалдырушы қайтыс болған күнге мұра қалдырушымен кемiнде үш жыл тұрған болса және ол қайтыс болғаннан кейiн де осы тұрғынжайда тұрып жатса, тұрғынжайға немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативiндегi пайға; сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерiне, мемлекеттiк қарыз облигацияларына, еңбекке ақы төлеу сомаларына, авторлық құқықтарға, авторлық гонорар және ашқан жаңалықтар, өнертабыстар мен өнеркәсiптiк үлгiлер үшiн сыйақы сомаларына; ақталған азаматтардың мүлкiне мұрагерлік құқық туралы куәлiктер бергенi үшін; Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала жасынан мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі - барлық нотариаттық іс-әрекеттер бойынша; қандастар - Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық нотариаттық әрекеттер бойынша; «Батыр Ана» атағына ие болған, «Алтын алқа», «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар - барлық нотариаттық әрекеттер бойынша; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен қорғаншылық тағайындалған созылмалы жүйке ауруымен ауыратын жеке тұлғалар - өздерiнiң мүлiкке мұрагерлiгi туралы куәлiктер алғаны үшiн; «Қазақстан мүгедектерiнiң ерiктi қоғамы» одағы (ҚМЕҚ), Қазақ саңыраулар қоғамы (ҚСҚ), Қазақ зағиптар қоғамы (ҚЗҚ), сондай-ақ олардың өндiрiстiк кәсiпорындары – барлық нотариаттық iс-әрекеттер бойынша; жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар он сегіз жасқа толғанға дейін – оларға мұрагерлікке құқық туралы куәліктер берілгені үшін ( Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (салық кодексі)» Кодексінің 617-бабы).

    16

    Нотариат

    Заңды тұлғаның құрылтай шартын нотариуста куәландыру міндетті ме?

    Нотариус шаруашылық серіктестіктердің құрылтай құжаттарын: құрылтай шартын және жарғысын куәландырады. Шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шартын қоспағанда, құрылтай шарты нотариатты куәландыруға жатады (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығымен бекітілген Нотариустардың нотариаттық іс-әрекеттер жасау қағидаларының 9-тарауының 111-тармағы).

    17

    Нотариат

    Істер нотариус мұрағатында неше жыл сақталады?

    Жер учаскелерін иеліктен шығару туралы шарттар 75 жыл, тұрғын үйлерді, пәтерлерді иеліктен шығару және кепіл туралы шарттар (олардың негізінде куәландырылған құжаттар) 75 жыл, өзге де шарттар 25 жыл, нотариалды куәландырылған өсиеттер 75 жыл, Құпия өсиетті қабылдау туралы куәліктер 75 жыл, Құпия өсиетті сақтауға беру туралы куәліктер 75 жыл, ашу хаттамалары құпия өсиет 75 жыл, мұрагерлік істер 75 жыл, сенімхат олардың ескіру (қолданылу) мерзімі өткен күннен бастап 3 жыл, келісім 25 жыл, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлеске меншік құқығы туралы куәлік (егер мұндай куәлік нотариаттық кеңседе басталған мұрагерлік іске байланысты аман қалған жұбайына берілсе, ол мұрагерлік іске тігіледі) 75 жыл, 5 жыл дәлелдемелерді қамтамасыз етуге байланысты жасалған құжаттар, заңды тұлғалардың істері (Жарғының, мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмелері, хаттамалар, бұйрықтар) 10 жыл, нотариаттық іс-әрекеттер жасаудан бас тарту туралы қаулы 5 жыл, мұрагерлік істер тізілімі 75 жыл электрондық жеткізгіште, өсиеттерді есепке алу тізілімі 75 жыл электрондық жеткізгіште, атқарушылық жазбалар 3 жыл (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 «Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы» бұйрығының 4-қосымшасының 2-тармағы).

    18

    Нотариат

    Атқарушы жазбаға қай мерзімде шағымдануға болады?

    Борышкер атқарушылық жазбаның көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде атқарушылық жазбаны жасаған нотариусқа хабарламасы бар мәлімделген талапқа қарсы қарсылығын жазбаша түрде жіберуге құқылы (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155 «Нотариат туралы» Заңының 92-6-бабының 2-тармағы).

    19

    Нотариат

    Атқарушы жазба жойылған кезде ақшаны қайтаруға бола ма?

    Атқарушылық жазба жойылған кезде нотариусқа оны жасағаны үшін төленген сома қайтарылуға жатпайды Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» бұйрығының 25-тарауының233-тармағы).

    20

    Нотариат

    Өсиетті жоюдың тәртібі қандай?

    Нотариус және нотариаттық iс-әрекеттер жасайтын басқа да лауазымды адамдар өсиеттiң күшiн жою туралы өтініш алған, сол сияқты бұрын жасалған өсиеттiң күшiн жоятын немесе өзгертетiн жаңа өсиет алған жағдайда, өсиеттiң нотариуста сақталған данасы мен нотариаттық iс-әрекеттердi тiркеу тiзiлiмiне (оның ішінде бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің электрондық тізіліміне) бұл туралы белгi соғады. Өсиеттiң күшiн жою немесе өзгерту туралы өтінішті нотариат куәландыруға тиiс. (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155 «Нотариат туралы» Заңының 57-бабы).

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі

    Жауап

    № Жиі қойылатын сұрақтар Жауап Сараптама қызметі 1. Сарапшы қорытындысының көшірмесін қалай алуға болады? Іс жүргізу заңнамасына және Қазақстан Республикасының тиісті «Сот-сараптама қызметі туралы» Заңына сәйкес сот сарапшысы сот сараптамасын жүргізуді ұйымдастыруға байланысты өз...

    Сұрақ

    Сот сараптама

    Жауап

    № Сұрақ Жауап 1 Сот сарапшысы қалай болуға болады? Сарапшының сот сараптамасының белгілі бір түрі саласында жоғары білімі және арнайы ғылыми білімі болуға тиіс. Заңда, сот сараптамасы органдарының қызметкерлері мен лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын жеке тұлғ...

    Сұрақ

    Зияткерлік меншік

    Жауап

    1. Зияткерлік меншік Тауар белгісін қалай тіркеуге болады? Тауар белгісін тіркеу үшін өтінімді ресімдеп, оны ҚР ӘМ ЗМҚК "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі мәтін бойынша - "ҰЗМИ" РМК) беру қажет. Тау...