ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР

    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

    Сұрақ

    ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР

    Жауап

    Қызмет бағыты

    Сұрақ

    Жауап

    1.

    Азаматтық хал актілерін тіркеу мен апостиль қоюды нормативтік қамтамасыз ету және бақылау басқармасы

    Жеке кабинетте туу және неке қию туралы ақпарат жоқ немесе олар қате көрсетілген. Қалай өзгертуге болады?

    Егер сіз өзіңізге немесе кәмелетке толмаған балаларға қатысты тіркелген азаматтық хал актілерінде дұрыс емес мәліметтерді тапсаңыз немесе құжаттар осы қойындыда болмаса, сіз «электрондық үкімет» порталы арқылы мәліметтерді өзектендіруге өтінім бере аласыз.

    Ол үшін бірінші кезекте ЭЦҚ (электрондық-цифрлық қолтаңба) болуы және «электрондық үкімет» порталында тіркелуі қажет.

    Түзету тәртібі туралы толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сайтынан немесе әлеуметтік желілерінен табуға болады.

    2.

    Азаматтық хал актілерін тіркеу мен апостиль қоюды нормативтік қамтамасыз ету және бақылау басқармасы

    Мен некеге тұрғым келеді, неше күн бұрын өтініш беруім керек?

    Неке қию (ерлі-зайыпты болу) некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірушілер тіркеуші органға өтініш берген күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң жүргізіледі.

    Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеуші орган құжаттамамен расталған дәлелді себептер болғанда, бұл мерзімді қысқартады немесе ұзартады.

    Айрықша мән-жайлар (жүктілік, бала тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа да айрықша мән-жайлар) болған кезде некені қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу некеге отырушылардың (ерлі-зайыпты болушылардың) қалауы бойынша өтініш берілген күні жүргізіледі.

    3.

    Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы

    Атқарушылық жазбаны жоюға болады ма?

    Қазақстан Республикасы «Нотариат туралы» Заңының 92-6-бабына сәйкес атқарушылық жазба жасалғаннан кейін нотариус келесі жұмыс күнінен кешіктірмей оның көшірмесін борышкерге жеткізуді тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдарын пайдалана отырып, электрондық пошта мекенжайы бойынша немесе борышкердің белгілі тұрғылықты немесе тіркелген жері бойынша тапсырады немесе жібереді.

    Борышкер атқарушылық жазбаның көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде атқарушылық жазбаны жасаған нотариусқа хабарламасы бар мәлімделген талапқа қарсы қарсылығын жазбаша түрде жіберуге құқылы.

    Борышкердің қарсылығында мәлімделген талаппен келіспеу себептері қамтылуға тиіс.

    Бұдан әрі «Нотариат туралы» Заңының 92-8-бабына сәйкес, нотариус мәлімделген талапқа қарсылық алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулы шығарады.

    Егер нотариустың қаулысымен борышкердің қарсылығы бойынша жасалған атқарушылық жазба жойылмаған жағдайда, оны даулау сот тәртібімен жүзеге асырылады.

    4.

    Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы

    Өтініш берушіге мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуден қандай жағдайларда бас тартылады?

    Егер өтініш беруші «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 26-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар адамдар санатына жатпаса, құқықтық консультация беру, қорғау және өкілдік түрінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуден бас тартылады;

    Сондай-ақ, егер өтініш берушінің өтініші құқықтық сипатта болмаса, құқықтық ақпараттандыру, құқықтық кеңес беру, қорғау және өкілдік түрінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуден бас тартылуы мүмкін.

    Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуден бас тарту уәжді болуға тиіс және оған уәкілетті органға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

    5.

    Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы

    Заң консультанттары палатасының мүшелері Кәсіптік әдеп кодексі бұзғаны үшін қандай жауапкершілікке тартылады?

    Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 94 бабына сәйкес, заң консультанттары палатасының мүшесі Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, палата жарғысының, қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының заңдарына, заң консультанттары палатасының қағидалары мен стандарттарына сәйкес жауапты болады.

    Заң консультанттары палатасының мүшелеріне жазалар қолдану, оларды алып тастау және шағым жасау тәртібі палатаның жарғысында және қағидаларында айқындалады.

    6.

    Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы

    Нотариаттық қызметпен айналысуға үміткерлерді аттестаттау кезінде өткізілетін тесттер мен емтихан билеттеріне енгізуге жататын сұрақтар қандай заңнамалардың негізінде қалыптастырылады? Оларды алуға болады ма?

    Тесттер мен емтихан билеттеріне енгізуге жататын сұрақтардың тізбесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі қалыптастырады және бекітеді.

    Үміткерлер үшін сұрақтар ҚР Азаматтық кодексінің, ҚР Жер кодексінің, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР кодексінің, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» және «Нотариат туралы» ҚР заңдарының нормаларынан қалыптастырылады.

    Тесттер мен емтихан билеттері құпия ақпарат болып табылады және еркін таратылмайды.

    7.

    Заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және техникалық түгендеуді нормативтік қамтамасыз ету және бақылау басқармасы

    Қазақстанда жылжымайтын мүлікті сатып алуға шетелдiктерге қандай да шектеулер бар ма?

    «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» Заңына сәйкес, егер Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұрғын үй қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты құқықтары болады және мiндеттерге жауапты болады.

    Қазақстан Республикасындағы шетелдiктер жеке меншiк құқығында тұрғын үйге (уақытша жүрген шетелдiктердi қоспағанда) ие бола алады.

    Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер өздерiнiң мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарын Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей пайдаланады.

    Қазақстан Республикасында уақытша жүрген шетелдiктер Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарында белгiленген негiздер мен тәртiпте мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарды пайдалануға құқылы.

    Осыған орай, уақытша жүрген шетелдiктер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүлікке ие бола алмайды.

    8.

    Заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және техникалық түгендеуді нормативтік қамтамасыз ету және бақылау басқармасы

    Пәтер иелері ПИК жұмысына риза болғанымен, сонымен қатар ПИК жоймай, басқару объектісін басқаруға МИБ (мүлік иелерінің бірлестігі) құруға мүмкін бе?

    «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, пәтерлердің тұрғын емес үй жайлардың иелері, кондоминиум объектісін басқару, оны күтіп ұстауды қаржыландыру үшін, кондоминиум объектісін басқаруды екі нысанының бірін мүлік иелерінің бірлестігі немесе көппәтерлі тұрғын үйдің қарапайым серіктестігін таңдауға міндетті.

    2019 жылғы 26 желтоқсандағы жоғарыда аталған Заңда енгізілген түзетулерге байланысты, ұй-жай (пәтер) иелерінің қолданыстағы кооперативтері, көппәтерлі тұрғын үйді басқару жөніндегі қызметті 2023 жылғы 1 шілдеге дейін жүзеге асыра алады және одан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен таратуды жүргізуге міндетті.

    9.

    Заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және техникалық түгендеуді нормативтік қамтамасыз ету және бақылау басқармасы

    Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер бойынша ақпаратты қайдан алуға болады?

    Тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер туралы ақпаратты "ашық деректер" веб-порталынан алуға болады.

    Жоғарыда көрсетілген мәліметтер «ашық деректер» порталында (data.egov.kz) «заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқорымен интеграциялау арқылы күн сайын өзектендіріледі, сондай-ақ машинада оқылатын форматта жүктеуге болады.

    10.

    Құқықтық түсіндіру жұмысын ұйымдастыру басқармасы

    Құқықтық сұрақ туындаған жағдайда, тегін құқықтық консультация алуға мүмкіндігі бар ма?

    Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Құқықтық ақпараттық қызметі халыққа тегін құқықтық консультация береді, құқықтық консультацияны келесі телефон нөмірлер бойынша алуға болады:

    - 119 Қазақстан бойынша (ұялы операторлардан басқа, Қазақстан бойынша станционарлық телефондардан тегін қонырау шалу)

    - 58 – 00 - 58 Астана, Алматы ққ. қонырау шалу

    - 8 7172 580058 (байланыс операторлардың тарифі бойынша мобильді құрылғылдардан қоңырау шалу)

    - Whatsapp 8 708 693 56 31

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі

    Жауап

    № Жиі қойылатын сұрақтар Жауап Сараптама қызметі 1. Сарапшы қорытындысының көшірмесін қалай алуға болады? Іс жүргізу заңнамасына және Қазақстан Республикасының тиісті «Сот-сараптама қызметі туралы» Заңына сәйкес сот сарапшысы сот сараптамасын жүргізуді ұйымдастыруға байланысты өз...

    Сұрақ

    Сот сараптама

    Жауап

    № Сұрақ Жауап 1 Сот сарапшысы қалай болуға болады? Сарапшының сот сараптамасының белгілі бір түрі саласында жоғары білімі және арнайы ғылыми білімі болуға тиіс. Заңда, сот сараптамасы органдарының қызметкерлері мен лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын жеке тұлғ...

    Сұрақ

    Зияткерлік меншік

    Жауап

    1. Зияткерлік меншік Тауар белгісін қалай тіркеуге болады? Тауар белгісін тіркеу үшін өтінімді ресімдеп, оны ҚР ӘМ ЗМҚК "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі мәтін бойынша - "ҰЗМИ" РМК) беру қажет. Тау...