2026 жылдың 1 тоқсанына өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі
ЖҚС
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
№ |
Қызмет бағыты |
Сұрақ |
Жауап |
1 |
Сот-сараптама қызметі |
Сараптаманың белгілі бір түрі үшін сұрақтардың болжамды тізбесі қандай нормативтік құқықтық актіде көрсетілген? |
Зерттеу нысаны, объектілері, сараптамалық міндеттердің деңгейі, сондай-ақ сараптаманың белгілі бір түрі шеңберінде шешілетін үлгілік сұрақтар тізбесі "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастырылған Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 484 бұйрығымен бекітілген Сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында (бұдан – әрі Қағидалар) жазылған. www.adilet.gov.kz.). |
2 |
Зерттеу объектілерінің анықтығы мен жол берілетіндігіне кім жауап береді? |
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚР ҚПК) 280–бабының 2–тармағына және Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚР АПК) 87-бабының 3-тармағына сәйкес сараптамалық зерттеу объектілерінің анықтығы мен жол берілетіндігіне сараптаманы тағайындаған орган (адам) кепілдік береді. | |
3 |
Сарапшы қорытындысының көшірмесін қалай алуға болады? |
ҚР ҚПК 276-бабына, ҚР АПК 87-бабына және "Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 18-бабына сәйкес сот сараптамасы органының басшысы сот сараптамасын жүргізуді ұйымдастыруға байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді жария етпеуге міндетті. Сарапшының қорытындысы, зерттеу объектілері және зерттеуге ұсынылған басқа да материалдар сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға) жіберіледі. ҚР ҚПК-нің 286-бабына және ҚР АПК-нің 46-бабына сәйкес іске қатысушы адамдардың іс материалдарымен танысуға құқығы бар. Осыған байланысты сарапшы қорытындысының көшірмесімен сараптаманы тағайындаған органға жүгіну арқылы танысуға болады | |
4 |
ҚР ӘМ ССО қандай филиалында сот сараптамасының сол немесе өзге түрін тағайындауға болады? |
ҚР ӘМ ССО Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы №306 бұйрығымен бекітілген Сот сараптамасы органдары жүргізетін сот сараптамалары түрлерінің және біліктілігін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі беретін сараптама мамандықтарының тізбесіне сәйкес сот сараптамаларын жүргізуге болады. ҚР ӘМ ССО филиалдарында жүргізілетін сот сараптамаларының түрлері туралы мәліметтер ҚР ӘМ ССО сайтында "Жүргізілетін сараптамалардың түрлері" бөлімінде орналастырылған. | |
5 |
Қазақстан Республикасының сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелеріне қалай қол жеткізуге болады? |
Сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің бір бөлігі ашық қолжетімділікте және ҚР ӘМ ССО сайтында (forensic.gov.kz) "Ғылыми қызмет" бөлімінде орналастырылған. Бұдан бөлек, "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар әдістемелер жалпыға бірдей қол жеткізу үшін шектелген, өйткені көрсетілген әдістемелерде сараптама объектілерін зерттеу алгоритмі сипатталады, оның ішінде адамның конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, конституциялық құрылыс негіздеріне және мемлекеттің қауіпсіздігіне, меншікке қарсы, ақпарат, экономикалық қызмет саласындағы және т.б. қылмыстық құқық бұзушылықтарға байланысты материалдар бойынша да. Дегенмен, "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар әдістемелер паспорттарымен жоғарыда көрсетілген ҚР ӘМ ССО сайтында танысуға болады. | |
6 |
Жеке немесе заңды тұлғалардың сот сараптамасын тағайындауы мүмкін бе? |
ҚР ҚПК 272-бабына, сондай-ақ ҚР АПК 82-бабына сәйкес сот сараптамасын жүргізу үшін процесті жүргізетін органның қаулысы, ұйғарымы негіз болып табылады. Бұдан басқа, ҚР ҚПК-нің 122-бабы, 272-бабы қорғаушының шарттық негізде сот сараптамасын жүргізуге бастамашылық ету, сондай-ақ сараптама мекемесіне шарттық негізде тиісті сараптама жүргізу туралы сұрау салу жіберу құқығы көзделген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 484 бұйрығымен бекітілген Сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында шарттық негізде сот сараптамасы органында заңды және жеке тұлғалардың жазбаша өтініштері негізінде зерттеу жүргізу көзделген. Бұл ретте зерттеуді, бұл жағдайда мамандар ретіндегі сарапшылар ғылыми құралдар мен әдістерді қолдана отырып жүргізеді. Қызметті өткізу құны Бағалар прейскурантымен белгіленеді, онымен Орталықтың сайтында "Ақылы қызметтер" бөлімінде танысуға болады. |
2026 жылдың 1 тоқсанына өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі
ЖҚС
Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі
ЧЗВ
Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі
ЧЗВ
Сот сараптама
ЧЗВ
2025 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
ЧЗВ
Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі
№ Жиі қойылатын сұрақтар Жауап Сараптама қызметі 1. Сарапшы қорытындысының көшірмесін қалай алуға болады? Іс жүргізу заңнамасына және Қазақстан Республикасының тиісті «Сот-сараптама қызметі туралы» Заңына сәйкес сот сарапшысы сот сараптамасын жүргізуді ұйымдастыруға байланысты өз...
Сот сараптама
№ Сұрақ Жауап 1 Сот сарапшысы қалай болуға болады? Сарапшының сот сараптамасының белгілі бір түрі саласында жоғары білімі және арнайы ғылыми білімі болуға тиіс. Заңда, сот сараптамасы органдарының қызметкерлері мен лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын жеке тұлғ...
Зияткерлік меншік
1. Зияткерлік меншік Тауар белгісін қалай тіркеуге болады? Тауар белгісін тіркеу үшін өтінімді ресімдеп, оны ҚР ӘМ ЗМҚК "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі мәтін бойынша - "ҰЗМИ" РМК) беру қажет. Тау...