Зияткерлік меншік мәселелері бойынша

    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

    Сұрақ

    Зияткерлік меншік мәселелері бойынша

    Жауап

    Жиі қойылатын сұрақтар

    Қызмет бағыты

    Сұрақ

    Жауап

    1.

    Зияткерлік меншік

    Тауар таңбасын қалай тіркеу керек?

    Тауар таңбасын тіркеу үшін өтінімді рәсімдеп және оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институтына тапсыру қажет.

    Тауар таңбасын тіркеуге арналған өтінімге қойылатын талаптар Заңның 9-бабында көрсетілген.

    «ҰЗМИ» РМК өтінімге сараптама кезең-кезеңімен жүргізіледі: алдын ала сараптама және толық сараптама (сараптама мерзімдері Заңның 11 бабында белгіленген).

    Заңның 12 бабының 1 тармағына сәйкес алдын ала сараптама нәтижелері бойынша өтінім-берушіге өтінімнің қабылданғаны туралы не өтінімді қарауға қабылдаудан бас тарту туралы дәлелді қорытынды түрінде хабарланады.

    Тауар таңбасын тіркеуге байланысты заңдық маңызы бар іс-әрекеттер жасағаны үшін ақы төлеу ҚР Әділет министрлігі «ҰЗМИ» РМК директорының 2020 жылғы «23» желтоқсандағы № 254 нқ бұйрығымен бекітілген «ҚР Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шарушылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жүзеге асыратын қызметтері мен жұмыстарының бағаларымен белгіленеді.

    2.

    Тауар таңбаны тіркеу үшін қандай құжаттар қажет?

    Тауар таңбасын тіркеуге арналған өтінімге қойылатын талаптар Заңның 9-бабында белгіленген.

    1. Өтінім бір тауар таңбасына қатысты болуы тиіс.

    2. Өтінім үлгілік бланкіде ұсынылуы және келесіде:

    1) өтінім берушіні, сондай-ақ оның орналасқан жерін немесе тұрғылықты жерін көрсете отырып, белгілемеге сараптама жүргізу; 2) мәлімделген белгісі; 3) тауарлар мен қызметтердің халықаралық сыныптамасына сәйкес тауарлардың және (немесе) қызметтердің тізбесін қамтуға тиіс.

    3. өтінімге қоса берілуі тиіс: 1) сараптама жүргізгені үшін сараптама ұйымының қызметтеріне ақы төленгенін растайтын құжат (бір мезгілде алдын ала және толық сараптама үшін). Төлем мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді; 2) іс жүргізу өкіл арқылы жүргізілген жағдайда сенімхаттың көшірмесі; 3) ұжымдық тауар таңбасының жарғысы (ұжымдық тауар таңбасына өтінім берілген жағдайда), ұжымдық тауар таңбасын өз атына тіркеуге уәкілетті ұйымның атауын, осы таңбаны тіркеу мақсатын, осы таңбаны пайдалануға құқығы бар субьектілердің тізбесін, ұжымдық тауар таңбасымен белгіленетін тауар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі мен бірыңғай сапасын немесе өзге де сипаттамаларын, оны пайдалану шарттарын, оны пайдалануды бақылау тәртібін, ұжымдық тауар таңбасы жарғысының ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікті қамтиды.

    3.

    Тауар таңбасын тіркеуге кімдер өтінім бере алады?

    Өтінімді өтінім беруші немесе оның өкілі береді.

    1. Өтінім беруші - тауар таңбасын тіркеуге өтінім берген заңды немесе жеке тұлға Заңның 1 бабының (5 т.).

    2. Өтінім берушінің өкілі - патенттік сенім білдірілген немесе ҚР АК 167 бабына сәйкес сенімхат негізінде әрекет ететін өзге өкіл.

    4.

    Тауар таңбаларын сараптау мерзімдері қандай?

    Сараптама мерзімдері:

    1. Алдын ала сараптама - өтінім берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде;

    2. Толық сараптама - өтінім берілген күннен бастап жеті ай ішінде.

    5.

    Тауар таңбаларын халықаралық тіркеу жүйесінде қандай артықшылықтар бар?

    Мадрид жүйесі таңбаларды халықаралық тіркеу және оларды басқару тұрғысынан. Бір тілде бір өтінім беріңіз, баждардың бір жиынтығын төлеңіз – және сіз үшін 97 мүше мемлекеттің аумағында таңбаны қорғау мүмкіндігі ашық. Тауар таңбаларын халықаралық тіркеудің негізгі артықшылықтары: 1) бір тілде жасалған бір халықаралық өтінімді беру мүмкіндігі, және бір халықаралық бажды төлеу. 2) өтінім берушінің шығыстарынан патенттік сенім білдірілген өкілдердің қаламақысын алып тастау және өтінім бергені үшін баждарды азайту есебінен ұлттық тіркеуді алуға арналған шығындармен салыстырғанда халықаралық баж мөлшерін және т.б. 3) халықаралық тіркеу иесі кейіннен нұсқау арқылы болашақта қорғауды сұрай алатын елдерді қосымша көрсету мүмкіндігі (аумақтық кеңейту). 4) Мадрид келісімі шеңберінде 1 жылдан аспайтын және Хаттама шеңберінде 1,5 жылдан аспайтын 5) көрсетілген мерзімде елдің ведомствосы жауап бермеген жағдайда, халықаралық тіркеу осы елдің аумағында қолданыста болып табылады

    6.

    Халықаралық өтінімді қайда беру керек?

    Халықаралық өтінім шығарылған елдің ведомствосына беріледі. Государственный орган халықаралық өтінімде көрсетілген таңба базалық тіркеумен немесе базалық өтініммен толық сәйкес келетінін куәландырады, өтінім беруші халықаралық өтінім бойынша сол тұлға болып табылатындығын, базалық тіркеудің немесе базалық өтінімнің иесі, сондай-ақ халықаралық өтінім бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі базалық өтінімде немесе тіркеуде көрсетілген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесіне сәйкес келетін фактісі. Бұдан кейін халықаралық өтінім шығарылған елдің ведомствосы Халықаралық бюроға жібереді.

    7.

    Өнертабысқа патент алу үшін қандай құжаттарды ұсыну қажет?

    Қазақстан Республикасы Патент Заңының 17 бабы 2 тармағына сәйкес өнертабысқа арналған өтінімде келесі құжаттар болуы тиіс:

    1) өнертабыс авторлары мен атына қорғау құжаты сұралатын адамдар, сондай-ақ олардың тұрғылықты жері немесе орналасқан жері көрсетілген қорғау құжатын беру туралы өтінім;

    2) маманның тиісті білім саласындағы білімді жүзеге асыруы үшін жеткілікті толық ашатын өнертабыстың сипаттамасы;

    3) өнертабыс обьектісін анықтайтын және оның мәнін білдіретін өнертабыс формуласы. Формула анық, дәл және сипаттамаға негізделуі тиіс;

    4) егер олар өнертабыстың мәнін түсіну үшін қажет болса, сызбалар мен өзге де материалдар;

    5) реферат;

    6) іс жүргізуді өкіл арқылы жүргізген жағдайда сенімхат.

    7) белгіленген мөлшерде өтінім беруге, оның ішінде ресми сараптама жүргізуге ақы төленгенін растайтын және өтініммен бірге немесе өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде ұсынылуы мүмкін оның мөлшерін азайту үшін негіздерді растайтын құжаттар. Тиісті төлем жасалған жағдайда бұл мерзім ұзартылуы мүмкін, бірақ екі айдан аспайды. Белгіленген мерзімде төлем туралы құжаттар ұсынылмаған жағдайда өтінім берілмеген болып танылады

    8.

    Пайдалы модельге патент алу үшін қандай құжаттарды ұсыну қажет?

    Қазақстан Республикасы Патент Заңының 18 бабы 2 тармағына сәйкес пайдалы модельге арналған өтінімде келесі құжаттар болуы тиіс:

    1) пайдалы модельдің авторлары мен атына патент сұралып отырған адамдар, сондай-ақ олардың тұрғылықты жері немесе орналасқан жері көрсетілген патент беру туралы өтінім;

    2) пайдалы модельдің оны жүзеге асыру үшін жеткілікті толық ашатын сипаттамасы;

    3) оның мәнін білдіретін, сипаттамаға толық негізделген пайдалы модельдің формуласы;

    4) сызбалар;

    5) реферат;

    6) сенімді өкілдер арқылы іс жүргізген жағдайда – сенім хат.

    7) өтінім беруге белгіленген мөлшерде ақы төленгенін растайтын құжат пен оның мөлшерін азайтуға негіздемені растайтын құжат қоса беріледі, оларды өтінімге қоса немесе өтінім түскен күннен бастап екі ай ішінде тапсыруға болады. Тиісті төлемдер енгізілген жағдайда бұл мерзім ұзартылуы мүмкін, бірақ екі айдан аспауға тиіс Белгіленген мерзімде төлемдер туралы құжаттар тапсырылмаған жағдайда өтінім берілмеген болып есептеледі.

    9.

    Өнертабысқа өтінімді қарау қанша уақытты алады?

    Қағиданың 62, 69 тармақтарына сәйкес, өнертабысқа патентті тіркеуді сараптама жасау ұйымы кезең-кезеңімен:

    1) Өтінімге ресми сараптама өтінім сараптама ұйымына келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде жүргізіледі.

    2) Өтінімге мәні бойынша сараптама ресми сараптама оң нәтижемен аяқталған жағдайда және өтінімге мәні бойынша сараптама жасаған үшін төлемді растайтын құжат ұсынылған жағдайда, өтінім сараптама жасау ұйымына келіп түскен күннен бастап он сегіз ай ішінде жүргізіледі.

    10.

    Пайдалы модель өтінімдеріне қай уақыт ішінде сараптама жүргізіледі?

    Қағиданың 98 тармағына сәйкес, пайдалы модельге өтінім бойынша сараптама жасау ұйымына түскен күннен бастап төрт ай ішінде жүргізіледі.

    11.

    Өнертабысқа айрықша құқықтың қолданылу мерзімі қандай?

    Қазақстан Республикасы Патент Заңының 5 бабының 3 тармағына сәйкес өнертабысқа және пайдалы модельге:

    - өнертабысқа патент өтінім берілген күннен бастап жиырма жыл бойы. Көрсетілген мерзім өтінім берілген күннен бастап есептеледі.

    12.

    Пайдалы модельдың айрықша құқықтың қолданылу мерзімі қандай?

    Қазақстан Республикасы Патент Заңының 5 бабының 3 тармағына сәйкес өнертабысқа және пайдалы модельге:

    - пайдалы модельге патент өтінім берлген күннен бастап бес жыл бойы қолданылады, қолданылу мерзімі патент иеленушінің өтініші бойынша ұзартылуы мүмкін, бірақ үш жылдан аспауы керек.

    Көрсетілген мерзім өтінім берілген күннен бастап есептеледі.

    13.

    Патент иеленуші қорғау құжатын сақтауға қай кезеңнен бастап ақы төлеуге тиіс?

    Патент иеленуші қорғау құжатын күшінде ұстап тұру үшін, өтінім берілген күнге сәйкес келетін күнге жыл сайын ақы төлеуге міндетті.

    14.

    Қазақстан Республикасының ұлттық өтінім берушілері шет мемлекеттерде өнертабыстарға қорғауды қалай ала алады?

    Қағиданың 106 тармағына сәйкес өнертабысқа өтінімді жүргізу, қарау және рәсімдеу, мәліметтерді Қазақстан Республикасы өнертабыстарының мемлекеттік тізіліміне енгізу, сондай-ақ қорғау құжатын беру, халықаралық өтінімді жолдау:

    1) халықаралық өтінімнің халықаралық беру күні белгіленген тіркеу данасын сараптама жасау ұйымы ДЗМҰ Халықаралық бюросына жолдайды;

    2) сараптама жүргізу ұйымы халықаралық өтінімді алғаннан кейін, егер ол берілгенге дейін еуразиялық өтінім не ұлттық өтінім берілген күннен бастап үш ай өткен соң берілген жағдайда, тіркеу данасын жібереді;

    3) сараптама жүргізу ұйымы халықаралық өтінімнің тіркеу данасын заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтердің мазмұнына тексеру жүргізілгеннен кейін көрсетілген мерзімнен бұрын жібереді;

    4) "іздеуге арналған көшірме" - халықаралық өтінім данасы сараптама ұйымы халықаралық өтінімінде көрсетілген Халықаралық іздестіру органына жібереді.

    15.

    Қазақстан Республикасының ұлттық өтінім берушілері ТМД елдерінде өнертабыстарға қорғауды қалай ала алады?

    PCT 19 бабына сәйкес халықаралық іздестіру туралы есепті және Халықаралық іздестіру органының жазбаша хабарламасын алғаннан кейін өтінім берушінің өнертабыс формуласын бір рет өзгертуге құқығы бар. Мұндай өзгеріс Халықаралық бюроға халықаралық өтінім жарияланатын тілде берілуге тиіс. Халықаралық бюроға 19-бап бойынша өзгерістерді ұсыну мерзімі Халықаралық іздестіру туралы есепті жіберген кұннен бастап екі айды немесе қандай мерзім кешірек аяқталатынына қарай басымдық берілген күннен бастап 16 айды құрайды. Егер халықаралық алдын ала сараптама жүргізу туралы талап берілсе, PCT 34 бабына сәйкес халықаралық алдын ала сараптама барысында өтінім берушіде өнертабыс формуласын өзгертудің басқа да мүмкіндіктері (сондай-ақ сипаттамасы мен сызбалары). Бұдан басқа, өнертабыс формуласы ұлттық фаза барысында PCT 28 және 41 баптарына сәйкес өзгертілуі мүмкін. Барлық жағдайларда ұсынылатын өзгерістер оны халықаралық беру күніндегі өтінімде қамтылғандардың шегінен шықпауға тиіс.

    16.

    Өнеркәсіптік үлгіге патент алу үшін қандай құжаттар тапсыру қажет?

    Өнеркәсіптік үлгіге патент алу үшін сараптама жүргізу ұйымына патент беруге өтінім беру қажет.

    1) өнеркәсіптік үлгіге патент беру туралы өтінім өнеркәсіптік үлгінің авторлары мен атына патент сұралатын адамдар, сондай-ақ олардың тұрғылықты жері немесе орналасқан жері көрсетіле отырып, мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады;

    2) өнеркәсіптік үлгінің елеулі белгілері туралы толық егжей-тегжейлі түсінік беретін бұйымның сыртқы түрінің репродукциялауға жарамды бейнелер жиынтығы;

    3) өнеркәсіптік үлгінің сипаттамасы;

    4) өкілі арқылы іс жүргізу жағдайында сенімхат.

    Өтінімге формалды сараптама жүргізуді қоса алғанда, өтінімді қабылданғаны үшін төлемді растайтын құжат қоса берілуге тиіс.

    17.

    Бір өтінім бойынша бірнеше өнеркәсіптік үлгілерге қорғау құжатын алуға болама?

    Иә, мүмкін, бірақ Өнеркәсіптік меншік обьектілеріне сараптама жүргізу қағидаларының 55-бабы талаптарының бірін сақтау болып табылады.

    Өтінім бір өнеркәсіптік үлгіге немесе өзара байланысты өнеркәсіптік үлгілер тобына жататыны соншалық, олар бірыңғай шығармашылық ойды құрайды (өнеркәсіптік үлгі бірлігінің талаптары).

    Өнеркәсіптік үлгінің бірлігі сақталған деп танылады, егер:

    - бұйым бейнелерінде бір бұйымның, оның ішінде бүтін бұйымның, оның дербес бөлігінің, бірлесіп пайдаланылатын бұйымдар тобынан жасалған жиынтықтың көркемдік конструкторлық шешімі болып табылатын бір өнеркәсіптік үлгі ұсынылған;

    - бұйымның бейнелерінде бірыңғай шығармашылық ойды құрайтын және 1968 жылғы 8 қазандағы Локарн Келісімімен қабылданған өнеркәсіптік үлгілердің халықаралық жіктемесінің бір кіші сыныбына жататын бір бұйымның көркемдік-конструкторлық шешімдері болып табылатын өнеркәсіптік үлгілер тобы ұсынылған, олардың біреуі тұтастай бұйымның сыртқы түрін айқындайды, ал басқасы (басқа) пайдалану процесінде көрінетін бұйымның оның дербес бөлігінің (бөліктерінің) сыртқы көрінісі;

    - бұйымның бейнелерінде бірыңғай шығармашылық ойды құрайтын және тұтастай алғанда бір бұйымның сыртқы түрін айқындайтын және ӨҮХК бір сыныбьна жататын көркемдік-конструкторлық шешімдер болып табылатын өнеркәсіптік үлгілер тобы ұсынылған, бұл ретте шешімдердің әрқайсысы бұйымның сыртқы түрінің өз нұсқасын, ал шешімдерге негізделген бұйымның сыртқы түрінің негізгі эстетикалық және (немесе) эргономикалық ерекшеліктерін айқындайды.

    18.

    Түпнұсқа дизайнға құқықтық қорғауды немесе тіркеуді қалай алуға болады?

    Түпнұсқа дизайн авторы Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 10 маусымдағы № 427-I Патент Заңының (әрі қарай - Патент Заңы) нормалары бойынша өнеркәсіптік үлгі ретінде құқықтық қорғау түрін таңдауға, сондай-ақ «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР 1996 жылғы 10 маусымдағы № 6-I Заңының нормалары бойынша авторлық құқықты тіркеуді жүзеге асыруға мүмкіндігі бар. Авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды тіркеуді жүзеге асыру үшін ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы жөніндегі департаментіне жүгіну қажет.

    19.

    Авторлық құқыққа не жатады?

    Авторлық құқық обьектілері;

    - әдеби шығармалар;

    - драмалық және музыкалық-драмалық шығармалар;

    - сценарий туындылары;

    - хореография және пантомима туындылары;

    - мәтіні бар немесе мәтіні жоқ музыкалық туындылар;

    - аудиовизуалды шығармалар;

    - кескіндеме, мүсіндеме, графика және бейнелеу өнерінің басқа да туындылары;

    - қолданбалы өнер туындылары;

    - сәулет, қала құрылысы, дизайн және көгалдандыру өнері туындылары;

    - суретке түсіру туындылары жіне суретке түсіруге орайлас әдістерімен жасалған туындылар;

    - карталар, жоспарлар, нобайлар, безендірулер және географияға, топография мен басқа ғылымдарға қатысты үш өлшемді туындылар;

    - ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;

    - өзге де туындылар.

    ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды қорғау бастапқы мәтін мен обьектілік кодты қоса алғанда, кез келген тілде жіне кез келген нысанда көрсетілуі мүмкін. ЭЕМ-ге арналған бағдарламалардың барлық түрлеріне (оның ішінде операциялық жүйелер) қолданылады.

    Авторлық құқық обьектілеріне сондай-ақ жататындар:

    - туынды шығармалар (аудармалар, өңделген дүниелер, аннотациялар, рефераттар, түйіндеме, шолулар, инсценировкалар, өңдеулер және басқа да ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларының өңдеулері);

    - жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және материалдардың іріктелуі және (немесе) орналасуы жағынан шығармашылық еңбектің нәтижесі болып табылатын басқа да құрама туындылар.

    Туынды және құрамдас туындылар олар негізделген немесе олар қамтитын туындылардың авторлық құқық обьектілері болып табылатынына қарамастан, авторлық құқықпен қорғалады

    20.

    Авторлық құқық обьектілеріне қандай туындылар жатпайды?

    Ресми құжаттар (заңдар, сот шешімдері, заңнамалық әкімшілік, сот және дипломатиялық сипаттағы өзге де мәтіндер), сондай-ақ олардың ресми аудармалары; мемлекеттік рәміздер мен белгілер (тулар, елтаңбалар, ордендер, ақша белгілері және өзге де мемлекеттік рәміздер мен белгілер); халық шығармашылығының туындылары; ақпараттық сипаты бар оқиғалар мен фактілер туралы хабарламалар.

    21.

    Авторлық құқыққа өтінімді қалай беруге болады?

    Өтінімдерді қабылдау және «Авторлық құқықпен қорғалатын обьектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтер мен олардың өзгерістерін енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда «электрондық үкімет - egov.kz» веб-порталы және көрсетілетін қызметті берушінің www.kazpatent.kz ресми сайты арқылы, электрондық қол таңбамен жүзеге асырылады .

    Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (онлайн-беру). Төлем кез келген банктің картасы арқылы электрондық түрде жүргізіледі.

    22.

    Авторлық құқыққа өтінімді қараудың мерзімі қандай?

    Тізілімге мәліметтер мен олардың өзгерістерін енгізу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен автордың өтінішін алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде немесе соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде жүргізіледі.

    23.

    Авторлық құқықтың жарамдық (қолданылу) мерзімі?

    Авторлық құқық автордың өмір бойы және ол қайтыс болғаннан кейін жетпіс жыл бойы жарамды.

    24.

    Лицензиялық келісім дегеніміз не?

    Лицензиялық шарт бойынша зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижесіне немесе дараландыру құралына (лицензиарға) айрықша құқығы бар Тарап екінші Тарапқа (лицензиатқа) тиісті зияткерлік меншік объектісін белгілі бір тәсілмен уақытша пайдалану құқығын береді.

    25.

    Ерекше лицензия дегеніміз не?

    Зияткерлік меншік объектісін лицензиардың оны пайдалану мүмкіндігін сақтамай және басқа тұлғаларға лицензия беру құқығынсыз пайдалану құқығы.

    26.

    Өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқық беруді/беруді тіркеу қандай мерзімде жүргізіледі?

    Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде.

    27.

    Сараптама қызметтерін кім төлей алады

    Өтінім беруші, құқық иеленуші (яғни заңдық мәні бар іс-әрекет жасауға өтінім берген тұлға) немесе патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өзге өкіл арқылы берген жағдайда сенімхат негізінде әрекет ететін тұлға ғана сараптама қызметтеріне ақы төлей алады. Жеке тұлғалар екінші деңгейдегі банктер арқылы, сондай-ақ электрондық үкіметінің порталы арқылы төлей алады. Заңды тұлғалар төлемдерді қызмет көрсететін банк арқылы қолма-қол ақшасыз жүзеге асырады. Өзара қағидат негізінде екі жақты халықаралық келісімдерде көзделген жағдайларды қоспағанда, резидент еместер «ҰЗМИ» РМК көрсететін қызметтеріне патенттік сенім білдірілген өкілдер арқылы ақы төлейді.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі

    Жауап

    № Жиі қойылатын сұрақтар Жауап Сараптама қызметі 1. Сарапшы қорытындысының көшірмесін қалай алуға болады? Іс жүргізу заңнамасына және Қазақстан Республикасының тиісті «Сот-сараптама қызметі туралы» Заңына сәйкес сот сарапшысы сот сараптамасын жүргізуді ұйымдастыруға байланысты өз...

    Сұрақ

    Сот сараптама

    Жауап

    № Сұрақ Жауап 1 Сот сарапшысы қалай болуға болады? Сарапшының сот сараптамасының белгілі бір түрі саласында жоғары білімі және арнайы ғылыми білімі болуға тиіс. Заңда, сот сараптамасы органдарының қызметкерлері мен лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын жеке тұлғ...

    Сұрақ

    Зияткерлік меншік

    Жауап

    1. Зияткерлік меншік Тауар белгісін қалай тіркеуге болады? Тауар белгісін тіркеу үшін өтінімді ресімдеп, оны ҚР ӘМ ЗМҚК "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі мәтін бойынша - "ҰЗМИ" РМК) беру қажет. Тау...