ӘАК ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

    ·
    Сұрақ

    ӘАК ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

    Жауап

    Тармағына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, босқындар, шетелдіктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар атаулы әлеуметтік көмек алуға құқылы. Қазақстан Республикасының Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрінің 28.07.2009ж. № 237-б бұйрығымен бекітілген Ереженің (01.01.2020 ж. өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып) (бұдан әрі - Ереже) 2-тарауының 4-тармағы негізінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер тұлғаның (отбасының) жиынтық табысын есептеу кезінде есепті кезеңде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде алынған табыстың барлық түрлері, оның ішінде еңбекақы түрінде алынатын табыстар ескеріледі.

    Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау құқығын анықтау кезінде өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы жиынтық отбасылық табыс есепке алынады. Толығырақ ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша Жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет, ал ол болмаған жағдайда белгіленген үлгідегі өтінішпен және жеке басын куәландыратын құжатпен тұрғылықты жері бойынша кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгіну қажет.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    ТҰРҒЫН ҮЙ БЕРУ

    Жауап

    Коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған жеке тұрғын үйден үй берілуі мүмкін азаматтарды есепке алуды тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады. «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 74 бабының 1...

    ·
    Сұрақ

    ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ БОЙЫНША

    Жауап

    «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асырылуда. Оның мақсаты халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға...

    ·
    Сұрақ

    ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІН АЛУ БОЙЫНША

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің (бұдан әрі – Ереже) 1-тарауының 2-тармағына сәйкес тұрғын үй көмегі осы елді мекенде тұрақты тұратын, аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) же...

    ·
    Сұрақ

    ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҮШІН ЖЕР УЧАСКЕСІН БЕРУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабының 8-тармағында айтылады: «жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұратылған кезде азаматтардың өтініштері (қолдаухаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үші...

    ·