Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің (бұдан әрі – Ереже) 1-тарауының 2-тармағына сәйкес тұрғын үй көмегі осы елді мекенде тұрақты тұратын, аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) жергілікті бюджет қаржысы есебінен көрсетіледі, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға арналған шығыстарды, коммуналдық қызметтерді тұтыну және байланыс қызметтерін, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге жатады. Ереженің 1-тарауының 1-тармағының 2 тармақшасы негізінде отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсандағы отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы есепке алынады. Толық ақпарат алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Қарағанды облысы бойынша филиалына немесе «Электрондық үкіметтің» веб-порталына тоқсанына бір рет тұрғын үй көмегін тағайындау үшін жүгіну қажет.