Авторлық құқықтың обьектісі болып табылмайтын туындылар
- Идеялар, тұжырымдамалар, принциптер, әдістер, жүйелер, процестер, ашылулар, фактілер;
- Халық шығармашылығы туындылары;
- Ресми құжаттар (заңдар, сот шешімдері, заңнамалық, әкімшілік, сот және дипломатиялық сипаттағы өзге де мәтіндер), сондай-ақ олардың ресми аудармалары;
- Мемлекеттік рәміздер мен белгілер (тулар, елтаңбалар, ордендер, ақша белгілері және өзге де мемлекеттік рәміздер мен белгілер);
- Ақпараттық сипаттағы оқиғалар мен фактілер туралы хабарламалар.