Авторлық құқықтың пайда болуы
Ғылым, әдебиет және өнер туындысына авторлық құқық оның жасалу фактісіне байланысты туындайды. Авторлық құқықтың пайда болуы мен жүзеге асырылуы үшін туындыны тіркеу, туындыны өзге де арнайы ресімдеу немесе қандай да бір формальдылықты сақтау талап етілмейді.
Өздерінің айрықша мүліктік құқықтары туралы хабарлау үшін автор және (немесе) құқық иеленуші авторлық құқықты қорғау белгісін пайдалануға құқылы, ол белгі туындының әрбір данасына қойылады және міндетті түрде үш элементтен тұрады:
- Айналдыра латын әрпі “С”;
- Авторлық құқық иесінің аты-жөні (атауы);
- Алғашқы жарияланған жылы;