Пайдалы модель дегеніміз не?

    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті

    Сұрақ

    Пайдалы модель дегеніміз не?

    Жауап
    Қазақстан Республикасы Патент заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес адамдарды немесе жануарларды емдеудің диагностикалық, терапиялық және хирургиялық тәсілдерін қоспағанда, өнімге (құрылғыға, затқа, микроорганизмнің штаммына, өсімдіктер немесе жануарлар жасушаларының көбеюіне), тәсілге (материалдық объектіге қатысты әрекеттерді материалдық құралдардың көмегімен жүзеге асыру процесіне), сондай-ақ белгілі өнімді немесе тәсілді жаңа мақсат бойынша не жаңа өнімді белгілі бір мақсат бойынша қолдануға жататын, кез келген саладағы техникалық шешімдер пайдалы модельге жатады.
    Қазақстан Республикасының Патент заңының 6-бабының 3-тармағына сәйкес мыналар:
    1. жаңалықтар, ғылыми теориялар және математикалық әдiстер;
    2. шаруашылықты ұйымдастыру және басқару әдiстерi;
    3. шартты белгiлер, кестелер, ережелер;
    4. ақыл-ой операцияларын орындау, ойындарды жүргiзу ережелерi мен әдiстерi;
    5. есептегiш машиналарға арналған бағдарламалар мен алгоритмдердiң өзi;
    6. ғимараттар, үйлер, аумақтар жоспарларының жобалары мен тәсiлдерi;
    7. бұйымдардың тек сыртқы түрiне қатысты ұсыныстар;
    8. қоғамдық тәртіпке, iзгiлiк пен мораль қағидаттарына қайшы келетiн ұсыныстар пайдалы модельдер деп танылмайтындығына назар аудару қажет.
    Пайдалы модельге құқық Қазақстан Республикасы Патент заңына сәйкес жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша берілетін патентпен қорғалады.
    Патент өнеркәсіптік меншік объектісіне басымдықты, авторлықты және айрықша құқықты куәландырады.
    Пайдалы модельге патент өтiнiм берiлген күннен бастап бес жыл бойы қолданылады. Пайдалы модельге патенттің қолданылу мерзімі патент иеленушінің өтінішхаты бойынша, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Авторлық құқықтың қандай түрлері бар?

    Жауап

    Авторлық құқық аясында құқықтардың екі түрі бар: мүліктік құқықтар құқық иесіне оның туындыларын басқа тұлғалардың пайдалануы нәтижесінде қаржылық сыйақы алуға мүмкіндік береді; мүліктік емес құқықтар автордың материалдық емес құқықтарын қорғайды (мысалы, атау құқығы).

    Сұрақ

    Сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін некенің бұзылғаны туралы анықтаманы қанша уақыттан соң алуға болады?

    Жауап

    Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 23-бабының 1, 2-тармақтарына сәйкес, сотта бұзылатын неке (ерлі-зайыптылық) соттың неке (ерлі-зайыпт...

    Сұрақ

    Қайтарылған атқарушылық іс жүргізу борышкерлерінің тізілімінен мәліметтерді қалай алып тастауға болады?

    Жауап

    "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" ҚР Заңының 36-бабында Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен мәліметтерді енгізу және алып тастау тәртібі бекітілген.Осы бапқа сәйкес атқарушылық құжаттар өндіріп алушыға қайтарылғаннан кейін борышкерді Борышкерлерд...

    Сұрақ

    Жеке сот орындаушысы деген кім?

    Жауап

    Жоғары заң білімі бар, уәкілетті орган берген атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия (бұдан әрі – жеке сот орындаушысының лицензиясы) алған және Республикалық палатаға кірген, заңды тұлға құрмай-ақ атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі же...

    Сұрақ

    Авторлық құқықты тіркеу міндетті ме?

    Жауап

    Авторлық құқық туынды жасалған кезден бастап туындайды және қандай да бір тіркеуді және өзге де формальдылықтарды талап етпейді. Алайда, құқықтар бұзылған жағдайда, (мүліктік емес) құқықтарды тіркеу туралы куәлік автордың пайдасына қосымша дәлел бола алады.

    Сұрақ

    Идеяны қалай патенттеуге болады?

    Жауап

    Зияткерлік меншік объектілерінің тізімі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 961-бабында келтірілген. Өнертабыстарды, пайдалы модельдерді құқықтық қорғау шарттары ҚР АК 991-бабында белгіленген. Құқықтық қорғау берілетін өнертабыс ретінде жаңа, өнертабыстық деңгейі бар ж...

    Сұрақ

    Өнеркәсіптік үлгінің тауар таңбасынан айырмашылығы неде?

    Жауап

    Өнеркәсіптік үлгі тауар белгісінен өнеркәсіптік үлгі одан ажырамайтын бұйымның бөлігі болып табылатындығымен ерекшеленеді, ал тауар белгісі бұйымға қойылады және оның бөлігі болып табылмайды. Тауар белгісі тауарларды, жұмыстарды және оған көрсетілетін қызметтерді дараландыру құра...

    Сұрақ

    Авторлық құқық қанша мезгілге дейін жарамды?

    Жауап

    Қазақстан Республикасында авторлық құқық автордың бүкіл өмірі бойы және ол қайтыс болғаннан кейін 70 жыл бойы күшінде болады. Авторлық құқық, есімнің құқығы және автордың беделін қорғау құқығы мерзімсіз қорғалады.