" Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" ҚР Заңының (бұдан әрі-заң) 36-бабының талаптарына сәйкес борышкерді ҚР борышкерлерінің бірыңғай тізілімінен шығару Заңның 47-бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін және мерзімді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша берешек болмаған кезде, сондай-ақ Заңның 48-бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу аяқталғаннан кейін ол атқарушылық құжаттың талаптарын орындаған кезде жүргізіледі. Заңның 48-бабында көзделген негіздер бойынша аяқталған атқарушылық іс жүргізу бойынша атқарушылық құжат талаптарының орындалуы туралы мәліметтерді алған кезде сот орындаушысы үш жұмыс күні ішінде борышкерді ҚР борышкерлерінің бірыңғай тізілімінен шығару үшін уәкілетті органға тиісті ақпарат жібереді.