Борышкердің мүлкін өткізу кезектілігінің тәртібі қандай?

    ·
    Сұрақ

    Борышкердің мүлкін өткізу кезектілігінің тәртібі қандай?

    Жауап

    Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы занының 72-бабына сәйкес жеке тұлғаның мүлкiне өндiрiп алуды қолдану кезiнде осы мүлiктi өткізу мынадай кезектілікпен жүзеге асырылады:

    1) бірінші кезекте – бірінші кезектегі қажетті заттар болып табылмайтын мүлік, бағалы қағаздар, валюталық құндылықтар, бағалы металдар мен асыл тастар, зергерлік бұйымдар, декор және жайластыру заттары;

    2) екінші кезекте – көлік құралдары, жылжымайтын мүлік (тұрғынжайдан басқа);

    3) үшінші кезекте – тұрғынжай.

    1. Заңды тұлғаның мүлкіне өндіріп алуды қолданған кезде осы мүлікті өткізу мынадай кезектілікпен жүзеге асырылады:

    1) бірінші кезекте – тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындауға немесе қызметтерді көрсетуге тікелей қатысы жоқ жылжымалы мүлік, оның ішінде дайын өнім (тауарлар), бағалы қағаздар, валюталық құндылықтар, бағалы металдар мен асыл тастар, зергерлік бұйымдар, декор және жайластыру заттары;

    2) екінші кезекте – тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындауға немесе қызметтерді көрсетуге тікелей қатысы жоқ жылжымайтын мүлік;

    3) үшінші кезекте – тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындауға немесе қызметтерді көрсетуге тікелей пайдаланылатын мүлік: өндірістік мақсаттағы жылжымайтын мүлік объектілері, шикізат, материалдар, станоктар, жабдықтар және басқа да негізгі құралдар.

    1. Осы баптың ережелері кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаның мүлкін өткізу кезінде оның жеке мүлкі мен кәсіпкерлік қызметте пайдаланатын мүлкі бойынша да қолданылады.
    2. Өндіріп алуды қолданудың нысанасы – борышкер кепіл немесе міндеттемені қамтамасыз ету ретінде берген мүлік болған, не тыйым салынған мүлікті кезектілік тәртібімен өткізу атқарушылық құжат талаптарының толық орындалуына әкелмейтін немесе осы Заңда белгіленген орындау мерзімдерін ұлғайтатын жағдайда, мүлікті өткізу кезектілігі өзгертілуі мүмкін. Сот орындаушысы аталған мән-жайды борышкердің мүлкін өткізуге беру туралы қаулыда көрсетеді, оған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    2026 жылғы 1 тоқсанында жиі қойылатын сұрақтар тізімі

    Жауап

    2026 жылдың 1 тоқсанына өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі № Мемлекеттік орган Жиі қойылатын сұрақтар Қысқаша жауап Толық жауап НҚА-ға сілтеме Негізгісөздер және хештегтер 1. ӘМ «Құқықтық актілер туралы» Заңға антидискриминациялық сараптама нормасын енгізу Нор...

    ·
    Сұрақ

    Тауар таңбасын тіркеу рәсімі?

    Жауап

    Тауар таңбасын тіркеу үшін "ҰЗМИ" РМК-ға тауар таңбаларына және тауар шығарылған жерлердің атауларына арналған өтінімдерге сараптама жүргізу Ережесінің 3-тармағына сәйкес құжаттарды ұсыну қажет. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі N 456 "Тауар таңбалары, қызмет көрс...

    ·
    Сұрақ

    ҚР борышкерлер тізімінен шығарылу рәсімі ?

    Жауап

    "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" ҚР Заңының (бұдан әрі-заң) 36-бабының талаптарына сәйкес борышкерді ҚР борышкерлерінің бірыңғай тізілімінен шығару Заңның 47-бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін және мер...

    ·
    Сұрақ

    Мүлікке тыйым салу үшін қандай негіздер бар?

    Жауап

    "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" ҚР Заңының (бұдан әрі-заң) 32-бабына сәйкес сот орындаушысы Атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға міндетті. Атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шарал...

    ·
    Сұрақ

    Мүлікке тыйым салуды алып тастау рәсімі?

    Жауап

    "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" ҚР Заңының (бұдан әрі-заң) 47-бабына сәйкес атқарушылық іс жүргізу тоқтатылған жағдайларда сот орындаушысы бір тәулік ішінде бұл туралы қаулы шығарады. Атқарушылық іс жүргізуді тоқтатумен бір мезгілде мәжбүрлеп о...

    ·
    Сұрақ

    Алимент бойынша берешек қалай анықталады ?

    Жауап

    "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" ҚР Заңының (бұдан әрі-заң) 99-бабына сәйкес алимент бойынша берешек мөлшерін сот орындаушысы өндіріп алу жүргізілмеген уақыт ішінде борышкер алатын нақты жалақыға (кіріске) сүйене отырып, шешімнің орындалатын жер...

    ·
    Сұрақ

    Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүргізу үшін заңмен қандай мерзім белгіленген ?

    Жауап

    Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (осындай құқықтардың ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу тіркеуші органға өтініш түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізілуге тиіс. Электрондық тіркеу құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркег...

    ·