"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексінің талаптарына сәйкес, некені сот тәртібімен бұзу мынадай жағдайларда жүргізіледі:
* ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балаларының болуы;
*ерлі-зайыптылардың біреуінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға келісімінің болмауы);
* егер ерлі-зайыптылардың біреуі қарсылықтарының болмауына қарамастан, өзінің әрекеттерімен немесе әрекетсіздігімен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан жалтарса);
*ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік және басқа да талаптарының болуы.
Ажырасуды талап ететін ерлі-зайыптылардың бірі сотқа жүгінеді.
Әдетте, некені бұзу туралы талап жауапкердің, яғни басқа жұбайының тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі.
Сіздің жағдайыңызды ескере отырып, Сізге АХАТ органдарына жұбайыңыздың некені өз еркімен бұзудан жалтарғанын растайтын анықтама алу үшін жазбаша түрде жүгіну қажет. Содан кейін некені бұзу туралы сотқа талап арыз беріңіз.
1-топтағы мүгедек ретінде Сіз мемлекеттік баж төлеуден босатыласыз.