Кім нотариус бола алады?
"Нотариат туралы" ҚР Заңының 6-бабына сәйкес, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, жиырма бес жасқа толған, жоғары заң білімі, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс стажы бар, нотариуста кемінде бір жыл тағылымдамадан, әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған Қазақстан Республикасының азаматы нотариус бола алады.