Мемлекет кепілдік берген заң көмегі дегеніміз не және оны алуға кім құқылы?

    Павлодар облысының Әділет департаменті

    Сұрақ

    Мемлекет кепілдік берген заң көмегі дегеніміз не және оны алуға кім құқылы?

    Жауап

    Заң көмегін алуға құқығы бар жеке және заңды тұлғаларға осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген негізде және тәртіппен, тегін негізде көрсетілетін заң көмегі мемлекет кепілдік беретін заң көмегі деп танылады.

    Құқықтық ақпарат беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін тегін алуға барлық жеке және (немесе) заңды тұлғалардың құқығы бар.

    Құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегі:

    1) алименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға;

    2) мәртебесіне немесе жағдайына байланысты құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша сексуалдық зорлық-зомбылық, адам саудасы, терроризм актісі құрбандарына не азаптауларға ұшыраған құрбандарға;

    3) асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға;

    4) жұмысына байланысты денсаулығының зақымдануынан келтірілген не қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға;

    5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша жеке тұлғаларға;

    6) кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша көпбалалы отбасыларға;

    7) кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық кірістері облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен табысы аз адамдарға (отбасыларға) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетіледі.

    Соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегі:

    1) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адамға;

    2) Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес талап қоюшыға не жауапкерге және Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасына сәйкес талап қоюшыға;

    3) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға, жәбірленушіге осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетіледі.

    Осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет кепілдік берген заң көмегін тұрғылықты жеріне және тұрған жеріне қарамастан алуға құқылы.

    Мемлекет кепілдік берген заң көмегіне мұқтаж тұлғаның мүддесіне орай оның өкілі заңдарда белгіленген тәртіппен осындай көмек көрсету туралы өтінішхатпен жүгіне алады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Заңды тұлғаның мекенжайын растайтын құжаттар

    Жауап

    Егер де жылжымайтын мүліктің иесі жеке тұлға болып табылса нотариалды келісім, егер де жылжымайтын мүліктің иесі заңды тұлға болса, жалға беру келісім шарты ұсынылады

    Сұрақ

    Қоғамдық бірлестіктерде қатысушылардың құрамы?

    Жауап

    «Қоғамдық бірлестіктер туралы» ҚРЗ 10 бабына сәйкес қоғамдық бірлестік Қазақстан Республикасы азаматтарының кемінде он адамнан тұратын тобының бастамасы бойынша құрылады.

    Сұрақ

    Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен борышкер қай кезде алынады?

    Жауап

    Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен борышкерді алып тастау келесі жағдайларда жүзеге асырылады: - борышкерге қатысты атқарушылық іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін; - борышкердің мерзімдік өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі болмаған кезде (алимент өндіру бойы...

    Сұрақ

    Алимент өндіру бала 18 жасқа толғанда тоқтатылады ма?

    Жауап

    Алимент өндіру бала 18 жасқа толғанда тоқтатылады. Алайда бала ақылы негізде оқуда болған жағдайда алимент төленеді. Ол үшін талапкер сотқа жүгінуі тиіс. Сотпен оң шешім тапқан жағдайда ақылы оқудағы балаға алимент төленеді.

    Сұрақ

    Кешенді әлеуметтік заң көмегі дегеніміз не?

    Жауап

    Осы баптың 2-тармағында көрсетілген тұлғаларға, клиентті заң көмегін сұрап өтініш жасаған кезінен бастап Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен іс бойынша қорытынды құқықтық шешім қабылданғанға (құқықтық жағдай шешілгенге) дейін құқықтық қолдап отыруды білдіреті...

    Сұрақ

    Атқарушылық iс жүргiзудi тоқтатудың негiздерi мен салдары

    Жауап

    1) өндiрiп алушы өндiрiп алудан бас тартса; 1-1) берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енсе; 2) өндiрiп алушы мен борышкер бiтiмгершілік келiсiмiн жасасса және оны сот бекiтсе; 2-1) атқарушылық іс жүргізу тараптары медиация тәртібімен...

    Сұрақ

    Атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар

    Жауап

    1) борышкердiң өзiндегi не өзге де жеке немесе заңды тұлғалардағы (банктердi және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарды, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарын қоспағанда) ақшасы мен бағалы қағаздарын қоса алғанда, мүлкiне тыйым салу; 1-1) борышкердiң банктерд...

    Сұрақ

    Заңды тұлғаны қайта тіркеу үшін негіздер

    Жауап

    1) жарғылық капиталының мөлшерi азайтылған; 2) атауы өзгергенде; 3) шаруашылық серiктестiктерiндегi қатысушылардың құрамы өзгергенде (шаруашылық серiктестiгi қатысушыларының тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегі қызметтi жүзеге...