ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ТР 17 және 18-тармақтарының талаптарына жатпайтын үй-жайларда ӨҚЕ 2-73-тармағының талаптарына сәйкес өрт шкафына: адамдарды жеке қорғау және құтқару құралдары орналастырылуға тиіс пе? Егер «иә» болса, онда қандай және қандай мөлшерде
Ғимараттар мен құрылыстарды жобалау және салу кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінде ( ТЖМ 2021 жылғы 17 тамыздағы №405 бұйрығымен бекітілген).
Техникалық регламенттің 17-тармағына сәйкес 28 м-ден астам биіктікте орналасқан Ф1.2, Ф1.5 және Ф4.3 функционалдық өрт қауіптілігі кіші сыныптары ғимараттарының үй-жайларында адамдар тыныс алу және көру органдарын жеке қорғау құралдарымен (өзін-өзі құтқарғыштармен) қамтамасыз етіледі.
Бұл ретте техникалық регламенттің 18-тармағына сәйкес жеке және ұжымдық құтқару құралдарымен биіктігі 50 м-ден астам Ф1.2 және Ф1.5 функционалдық өрт қауіптілігі кіші сыныптарының ғимараттары қамтамасыз етіледі.
Жоғарыда айтылғандардан Техникалық регламенттің 17 және 18-тармақтарында аталмаған ғимараттар тыныс алу және көру органдарын жеке қорғау құралдарымен (өзін-өзі құтқарғыштармен), сондай-ақ жеке және ұжымдық құтқару құралдарымен қамтамасыз етілмеуге тиіс.