Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы бұйрығымен бекітілген, Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына заң жобалары тұжырымдамаларының жобалары мен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру және оларды көпшілік талқылауы қағидаларына сәйкес,азаматтарға заң жобалары тұжырымдамаларымен нормативтік құқықтық актілердіңжобаларын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/) жария талқылау үшін қолжетімділік қамтамасыз етілді.
Осылайша, азаматтар өз пікірлерін ұсынғысы келетін нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеуге бастамашылық жасалған жағдайда, ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына кіріп, ұсыныстары мен ескертулерін орналастыра алады.